Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Алғашқы ұпай еншімізде

Польшаға қарсы кездесуде үш қайраттық ұлттық команданың негізгі құрамында шықты - Стас Покатилов, Исламбек Қуат және Бауыржан Исламхан. Бауыржан алаңда капитандық міндетті атқарды.

Ойын Қазақстан үшін қиын басталды, 9-минутта Бартош Капустка есеп ашты, ал 35-минутта Роберт Левандовски пенальтиден көзге түсті - 0:2.

Екінші таймда Қазақстан басымдықты қолдарына алып, әділетті түрде қос гол соға алды. 51-ші минутта Сергей Хижниченко есеп айырмасын қысқартты, 7 минуттан соң Хижниченко дубль авторы атанды - 2:2.

Осылайша, Қазақстан өз алаңында Польшаға қарсы өткен ойында бір ұпай еншіледі. Қазақстан құрамасы өзінің келесі матчын 8 қазанда Черногорияға қарсы өткізеді.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст