Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Александр Кузнецов: «Құраманың атынан «Қайратқа» алғыс айтамын»

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Александр Кузнецов Гранаткин Мемориалына дайындыққа көмек көрсеткені үшін «Қайрат» футбол клубына алғыс айтты. 

«Мен команданың атынан Гранаткин турниріне дайындыққа көмектескені үшін «Қайрат» ФК басшылығына алғыс айтамын. Клуб бізге футбол манежін берді, соның арқасында тактикалық жүйелерімізді реттеп, жаттығу жасай алдық.

Павел Петрович Черепанов пен оның әріптестеріне қол ұшын созып, футболшылардың физикалық және техникалық мүмкіндіктерін сынақтан өткізуге көмектескені үшін алғыс білдіремін. Құрама базасы үшін бұл қажетті ақпарат. 

«Қайрат» футбол Академиясының ойыншылары турнирде өздерін жақсы қырынан көрсете алды, сол үшін бапкерлері Аревьев пен Богатыревке, сондай-ақ, Академия басшысы Дмитрий Александрович Галяминге рахмет айтамын. 

Маңызды турнирдің алдында Талғарда ОЖЖ өткізік, сол жақта дайындық үшін тамаша жағдай жасалған, бірақ, өкінішке қарай, манеж қысқы уақытқа арналмаған, сөйтіп, ҚФФ «Қайратпен» бірге осы мәселені шеше алды, құрама үшін клубтың инфрақұрылымын пайдаландық. «Қайрат» Қайрат Боранбаевтың арқасында бірінші команда үшін де, ел құрамасы үшін де сапалы ойыншыларды дайындап шығу үшін бар жағдай жасалған. «Қайрат» басқаларына үлгі болады!», - деді Кузнецов клубтық баспасөз-қызметіне берген сұхбатында. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст