Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Аршавин – Премьер-лиганың үздік ойыншысы атағына үміткер

Prosports.kz порталы жыл қорытындысын жасады.

 

Қазақстандық белгілі портал Премьер-лиганың осы жылдағы үздік футболшысы атағына үміткер бес ойыншыны іріктеп алды. Тізімге «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин, сондай-ақ, алматылық клубтың бұрынғы футболшысы Жерар Гоу енді. Спорттық басылымның пікірі мынадай:

 

Матчтар: 32

Голдар: 7

Нәтижелі пастар: 10

 

«Аршавин – команда көшбасшысы. Ойыншыларға жиі кеңес беріп тұрады. Футболда өтірік жасайтындар бар. Аршавинде бәрі жөнімен. Ол көп көмектеседі, әсіресе, жастарға», - деді «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат.

 

Аршавин «Қайраттың» шешуші ойыншысы болып қала береді. Жұлдыз болғаны үшін ғана емес, оны ойынымен де дәлелдеп жүр. Ресейлік ойыншы былтырға қарағанда аз матч өткізгеніне қарамастан, тағы да жемісті маусым өткізді.

 

«Андрейдің қанша уақыт ойнағысы келеді. Ол жәй ғана өз нөмірін орындап жүре бермейді. Ол ләззат алғанша, өз күшін сезінсе, ойнайды. Ал басқа жағдайда, ол қосалқы құрамда отырып, футбол қарайды дегенге сену қиын. Сондықтан, жұмбақтаудың керегі жоқ. Егер ол өткен маусымның күзгі бөлігіндегідей ойнай берсе, ол әлі екі-үш жыл өнер көрсетуге дайын деп ойлаймын», - деді клубтың спорт директоры Евгений Калакуцкий Аршавинмен жаңа келісім-шарт туралы талқылап жатып.

 

Аршавиннің тағы бір пайдасы, мүмкін шынайы емес шығар, бірақ бұл – ресейлік жанкүйерлердің пікірлері. Олар әлі де «Арсеналдың» экс-футболшысын Ресей құрамасында көргісі келеді. Мұнда Аршавиннің талантына теңесетін ойыншылар әлі табылмай жатыр.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст