Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Қарсыласты таныстырамыз: статистика

«Оренбург» пен оның ресейлік Премьер-лигаға көтерілу тарихын бұған дейін атқан болатынбыз. Енді орынборлықтардың Премьер-лигада көрсеткен өнерінің статисткасына тоқталып өтуге болады. Статистика - ең нақты көрсеткіштердің бірі болып саналады, осы сандар арқылы біз «Қайратқа» алдағы жолдастық кездесуде қарсылас болатын команда туралы айтпақпыз.

Жақында Ресей чемпионатында 9-тур ойындары аяқталды, бұл турда «Оренбург» минималды есеппен грозныйлық «Терекке» жол берді. Біздің алдағы қарсыласымыз 9 кездесуден соң төрт ұпай еншілеп, турнир кестесінде 16-шы орында келе жатыр. Бір қызығы, орынборлық команда ең жиі тең түсетін клубтардың бірі саналады. Премьер-лиганың дебютанттары 4 рет тең тарқасқан, олардан көп тек елордалық «Локомотив» қана (5 матч) тең түсіпті. Айта кетерлік жайт, тоблодағы тең есеппен аяқталған 4 матчтың үшеуінде гол соғылмаған екен. Бұл осы маусымдағы қонақтарымыз үшін 0:1 есебімен қатар жиі тіркелетін нәтиже саналады.

Көбіне «Оренбург» 4-3-2-1 ойын жүйесі арқылы ойнайды, бірақ кей кезде артқы шептегі жартылай қорғаушылар арқылы 4-1-4-1 жүйесіне ауысып тұрады. Ал кей жағдайларда классикалық 4-4-2 жүйесімен ойнайды, соңғы матчтарда, Кубокта астраханьдік «Волгарь» және чемпионатта «ЦСКА-мен»  матчтарда осыны жүйені пайдаланды. Алайда, жолдастық кездесуде қонақтардың бапкерлік штабы эксперимент жасауы ықтимал.

Бүгінде орынборлықтар үш гол соқты - біріншісін Дмитрий Ефремов салма, екі гол Благой Георгиевтің еншісінде, соңғысы трансферлік уақыттың ең соңғы күнінде ғана орынборлықтармен келісім-шартқа отырған болатын.

Қорғанысқа келер болса, біздің қарсыластарымыз  9 доп жіберген (орта есеппен әр ойында бір голдан). Бұл көрсеткіш бойынша орынборлықтар турнир кестесінің орта белінде келеді, мысалы, «Терек», «Анжи» және «Рубин» секілді клубтардың алдында тұр. Айтпақшы, «Оренбург» қақпасын екі қақпашы күзетеді - Абакумов және Гутов, бірақ Алматыға соңғысы келе алмайды. Александр Белорусь құрамасына шақырту алған болатын. Сондай-ақ, Фарход Васиев (Тәжікстан - осы маусымда клуб сапында 1 матч) пен Дмитрий Ефремов (Ресей U-21 - клуб сапында 9 матч) құрамаларына кетті.

Қонақтардың құрамына көз жүгіртер болсақ, екі қорғаушы басқаларына қарағанда көбірек ойнағанын байқауға болады - Ойеволе және Андреев. Бұл қорғаушылар осы маусымдағы барлық матчты басынан аяғына дейін өткізген. Олардан бөлек Ефремов қана барлық матчқа қатысыпты.

Матч барысында Саная мен Делькин ойынға тыңнан қосылады, ал Бамба мен Воробьев, керісінше, негізгі құрамда шыққанымен, жиі өз орындарын әріптестеріне қалдырады екен.  Сары қағазды ең көп еншілеген Афонин, ол бес рет ескерту алып үлгеріпті, ал Малых пен Полуяхтов осы маусымда бір реттен алаңнан қуылыпты. Айта кетейік, осы маусымдағы 9 матчта Роберт Евдокимов бірнеше өзгерістер жасаған, биыл Премьер-лигада бірден 21 футболшы «Оренбург» сапында алаңға шыққан.

Естеріңізге сала кетсек, «Қайраттың» «Оренбургке» қарсы халықаралық жолдастық кездесуі 8 қазанда «Орталық» стадионда өтеді, басталуы - 18:00-де. Билеттерді стадион кассаларынан немесе онлайн түрде сатып алуға болады. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст