Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

«Астана Аренадағы» сенімді жеңіс

«Қайрат» Астанадан үш ұпай олжалап қайтты.

«Астана» - «Қайрат» - 0:2

Голдар: Әбікен, 71, Гоу, 89

«Астана»: Эрич Ненад (к), Аничич Марин, Шитов Игорь, Маевский Иван, Твумаси Патрик, Кабананга Джуниор, Шомко Дмитрий, Логвиненко Юрий, Бейсебеков Абзал, Мужиков Серікжан, Муртазаев Роман.

Қосалқы құрам: Мокин Александр, Деспотович Джордже, Граховац Срджан, Томасов Марин, Прокопенко Владислав, Постников Евгений, Тағыберген Асхат, Малый Сергей, Күсәпов Талғат

«Қайрат»: Покатилов Стас, Парагульгов Магомед, Исаэль Барбоза, Аршавин Андрей, Гоу Жерар, Арзо Ампоста Сесар, Элек Акош, Бато Шелдон, Сүйімбаев Ғафуржан, Қуат Исламбек (к), Лунин Станислав.

Қосалқы құрам: Плотников Владимир, Соколенко Александр, Әбікен Айбол, Анене Чума Энеке Уче, Вороговский Ян, Рудосельский Тимур, Қуантаев Ермек, Тұрысбек Бауыржан, Балтабаев Ойбек.

 

Үлкен жекпе-жек – үлкен үміт. Жанкүйерлер мен Қазақстанның футбол қауымдастығы бұл кездесуге осындай көңіл-күймен келді. «Қайрат» соңғы матчтарда «Астанадан» басым түсіп жүр, соңғы алты ойында қайраттықтар төрт рет жеңіске жетті. Үш мәрте өз қақпасын голдан «құрғақ» қыла алды және бір рет тең тарқасты.

 

Матчтағы алғашқы мүмкін «сары-қара түстілерде» болды. Исламбек Қуат  Жерар Гоуға дәл пас асырғае, шабуылшы астаналықтардың қорғаушыларынан сытып өтіп бара жатқандай көрінген еді, алайда соңғы сәтті алаң иелерінің қорғаушысы допты ивуар ойыншысының аяғынан теуіп жіберді.

 

«Астана» 36-минутта қауіпті шабуылмен жауап қатты: Шомко Покатилов қақпасына соққы жасаған. Стас допты тоқтатып, қолына ұстап алды – жақын маңда Твумаси тұрған еді.

 

37-минутта Акош Элекке орнын босатуға тура келді – оның орнына Айбол Әбікен шықты. Таймның аяғы алматылықтардың еншісінде болды. Исаэль жақын бұрыштан айып соққысын орындаған – доп Ненад Эрич қақпасынан қасынан өтті. Осылайша, командалар үзіліске тең есеппен кетті.

 

Ойынның екінші жартысында «Қайрат» толығымен басым болды. Алматылық ұжым алғашқы минуттарда «Астана» қақпасына бірнеше шабуыл жасады. 71-минутта Аршавин бұрыштан доп әуелеткен, Айбол Әбікен бірінші жетіп, «Қайраттың» негізгі құрамындағы алғашқы голын соқты.

Алға шыққан қайраттықтардың екінші демі ашылғандай болды. 81-минутта «сары-қара түстілер» қарымта шабуыл жасады. Жерар Гоу жерлете соққы бағыттады – бірақ Эрич саусағының ұшымен допты алаңнан шығарып үлгерді.

 

Кездесудің аяғында Исаэль Жерар Гоуға пас қалдырған. Алматылықтардың сұрмергені есепті ұлғайтты – 2:0!

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст