Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Ауыр сапар

Албанияда ауыр матч болды.

«Скендербеу» - «Қайрат» - 2:0

Голдар: Ляляй, 50, Пляку, 83

«Скендербеу»: Оргес Шехи (Қ) (К), Гледи Мичи, Байрам Яшаница, Бакари Нимага, Тефик Османи (Музака, 71), Африм Таку (Таку, 90), Лиридон Латифи, Кристи Ванжели, Марко Радаш, Сегун Аденийи, Сабиен Лиляй

Қосалқы құрам: Альдо Теджия (Қ), Энис Гавазай, Себино Плаку, Доньер Шкодра, Бруно Дита, Назми Грипши

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ), Ғафуржан Сүйімбаев, Шелдон Бато, Сезар Арзо, Елдос Ахметов (Иличевич, 69), Акош Элек, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан (К), Андрей Аршавин, Исаэль, Жерар Гоу

Қосалқы құрам: Владимир Плотников (Қ), Тимур Рудосельский, Михаил Бакаев, Бауыржан Тұрысбек, Ойбек Балтабаев, Чума Анене

Ескертулер: Лиляй, 28, 75 – Элек, 59, Қуат, 89

Алаңнан қуылды: Лиляй, 75

Албаниядағы матч оңай болған жоқ.

Бірінші минуттан алаң иелері өздеріне сенімді екендерін көрсетті. Оған Скендербеу атындағы стадионға жиналған жанкүйерлер де «от» қосып отырды. Ойындағы алғашқы соққы екінші минутта жасалды, бірақ Стас Покатилов допты бақылауда ұстады.

Келесі шабуылды да қызыл-ақ түстілер ұйымдастырды: «Скендербеудің» алыстан бағыттаған соққысы қауіпті шыққан – маңдайшадан сәл биік кетті. «Қайрат» болса, Шехи қақпасынан алыс пастар арқылы саңлау табуға тырысты, бірақ алаң иелерін бәрін бақылауда ұстады.

«Қайраттың» алғашқы соққысы матчтың 21-минутында болды. Исламхан алыстан соққы жасаған, бірақ доп биік кетті. Кездесудің 37-минутында қайраттықтар әдемі комбинация жасады: алматылықтардың ұзақ шабуылы голмен аяқталуға жақын еді, алайда қапталдан асырылған пасты «Скендербеу» ойыншылары тоқтата алды.

Үзіліске командалар осы есеппен кетті.

Ойынның екінші жартысында «Қайрат» бірнеше шабуыл жасауға тырысты, допты алға алыс пастар арқылы жеткізіп жатқан. Өкінішке қарай, қайраттықтар есепті теңестіре алмай жатты. Сондықтан бірінші болып біздің командада ойыншы алмасты: Иво Иличевич Елдос Ахметовтың орнына шықты.

75-минутта Лиляй Иво Иличевичке қарсы ойын тәртібін бұзып, екінші рет ескерту алды. Осылайша, ол алаңнан қуылды. «Қайрат» артынша екінші ойыншысын алмастырды: Исаэльдің орнына Чума Анене шықты.

Кездесудің аяғында Пляку басымдықты ұлғайтты – 2:0.

Матчтың соңына таман Жерар Гоу қауіпті соққы жасаған, бірақ есеп өзгерген жоқ. Осылайша, матч 2:0 есебімен аяқталып, «Скендербеу» УЕФА Еуропа лигасының келесі іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст