Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Ғажайып реванш

Алматылықтар Чума Анене соққан голдың арқасында минималды жеңіске қол жеткізді.

«Атырау» - «Қайрат» - 0:1

Голдар: Анене, 74

«Атырау»: Жасұр Нәрзіқұлов (Қ), Йован Джокич, Владимир Двалишвили, Уча Лобжанидзе, Ризван Аблитаров, Юре Обшивач, Новица Максимович, Қуаныш Қалмұратов, Айбар Нұрыбеков, Эдуард Сергиенко, Дәуренбек Тәжімбетов

Қосалқы құрам: Нұрболат Қалменов, Шавкат Саломов, Дәурен Мәжитов, Руслан Эсатов, Бекжан Әбдірахман, Дәурен Қайраллиев, Әлішер Сүлей, Марат Хайруллин, Антон Чичулин

«Қайрат»: Владимир Плотников (Қ), Ғафуржан Сүйімбаев, Сезар Арзо, Шелдон Бато, Елдос Ахметов, Акош Элек, Исламбек Қуат (К), Георгий Жуков, Бауыржан Тұрысбек, Исаэль, Чума Анене

Қосалқы құрам: Стас Покатилов, Магомед Парагульгов, Александр Соколенко, Артур Шушеначев, Михаил Бакаев, Тимур Рудосельский, Ойбек Балтабаев

Ескертулер: Двалишвили, 71, Аблитаров, 71 – Сүйімбаев, 71, Бакаев, 71

«Қайратқа» бұл матчта жеңіс ауадай қажет болған – себебі алматылық команда «Атырауға» қарсы ойындарда 5 ұпай жоғалтқаны ешкімге құпия емес. Сондықтан, команда есе қайтаруды мақсат қылды. Соған қарамастан, алматылық ұжым өзінің ең үздік футболын көрсете алмады, «Мұнайшының» көгалы әлі өзгермеген.

Матч Чума Анененің шабуылымен басталды – шабуылшы оң қанаттан соққы жасаған, доп жерлей ұшып, бағананың қасынан өтті. Келесі мүмкіндікте Нәрзіқұлов алға шыққанда қателесіп, доп «мұнайшылардың» қақпасына еніп кете жаздады. Бірақ қорғаушылар голкиперін құтқарып қалды.

Артынша командалар допты алаңның ортасында ұстаумен болды, үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.

Ойынның екінші жартысында алаң иелері алдыңғы шепке күш салды – бірнеше қауіпті мүмкіндікке ие болды, бірақ олар өз мүмкіндіктерін пайдалана алған жоқ. Кездесудің 61-минутында Георгий Жуков айып алаңының ішінде соққы жасап көрген – сәл ғана дәлдік жетіспей қалды.

Матчтың 74-минутында «Қайраттың» шабуылшысы Чума Анене алматылықтар сапындағы дебютті голын соқты – 0:1 және қонақтар алға шықты. Голдан кейін алаң иелері алматылықтардың қақпасын торуылдаумен болды, бірақ бұл нәтиже алып келген жоқ. Қайраттықтар кезекті жеңісіне қол жеткізді – 0:1.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст