Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Азулы қарсылас

Алматылықтар үшін «Орталықтағы» матч оңай болған жоқ.

«Қайрат» - «Скендербеу» - 1:1

Голдар: Гоу, 9 – Нимага, 72

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ), Жерар Гоу (Анене, 90+2), Акош Элек, Андрей Аршавин, Исаэль Барбоза, Бауыржан Исламхан (К) (Тұрысбек, 84), Исламбек Қуат, Ғафуржан Сүйімбаев, Михаил Бакаев, Шелдон Бато, Елдос Ахметов

Қосалқы құрам: Владимир Плотников (Қ), Ойбек Балтабаев, Тимур Рудосельский, Сезар Арзо

«Скендербеу»: Оргес Шехи (Қ) (К), Гледи Мици, Байрам Яшаница, Нимага Бакари, Радас Марко, Тефик Османи, Лиридон Лятифи, Африм Таку (Гавазай, 80), Аденийи Сегун Джеймс, Кристи Ванжели, Сабиен Лиляй

Қосалқы құрам: Алдо Теджия (Қ), Альдо Текья, Доньет Шкодра, Горан Вуйович, Бруно Дита, Назми Грипший

Ескертулер: Исаэль, 45+2, Бакаев, 50 – Радаш, 50, Мици, 63, Вангели, 76

Алматылық клубтың футболшылары бүгін кеште албаниялық командамен кездескен. Литвалық «Атлантаспен» өткен оңай жекпе-жектен соң «Қайрат» бүгінгі қарсыластың оңай шағылар жаңғақ емес екенін сезді.

Бірінші минуттан албаниялықтар қайраттықтардың қақпасына қысым жасаумен болды. Бірнеше рет алаң иелерінің қақпасына шабуыл жасады. Кездесудің 9-минутында «Қайрат» сол қаптал арқылы қарымта шабуыл жасады: Сүйімбаев қонақтардың айып алаңына еніп, Жерар Гоуға пас қалдырды, соңғысы допқа алғаш жанасуымен-ақ допты қақпаға бағыттады – 1:0.

Бірнеше минуттан соң «Скендербеу» қауіпті шабуылмен жауап қатты: қонақтардың жойқын соққысын Стас Покатилов әдемі секіріп қайтара алды. Стадиондағы жанкүйерлердің жүрегі осы сәтте орнына түскен шығар.

Жанкүйерлер төрешінің шешімдеріне көп дау шығарды. Трибуналар бас қазының қонақтардың пайдасына берген шешімдеріне «ысқырықпен» жауап қатты. Мысалы, кездесудің аяғында Исаэль төрешімен «айтысқаны» үшін сары қағаз алды. Командадар үзіліске осы есеппен кетті.

Кездесудің екінші жартысында Гоу таблодағы көрсеткішті ұлғайтатын мүмкіндікке ие болған – қонақтарды қақпашысы құтқарып қалды. Келесі шабуылдардың бірінде «Скендербеу» есепті теңестіріп тастады – 1:1.

Матчтың аяғында Бауыржан Тұрысбек команда капитаны Бауыржан Исламханның орнына шыққан. «Қайраттың» бас  бапкері шабуылға күш қосқанымен, қонақтар қорғаныста жатып алды.

Өкінішке қарай, «Қайрат» екінші таймда гол соға алмайды, матч тең аяқталды – 1:1.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст