Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

БАҚ назарына

«Қайрат» футбол клубы УЕФА Жасөспірімдер лигасының матчтарында жұмыс істейтін журналистерді аккредиттеуді бастайды.

 

УЕФА Жасөспірімдер лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы ойын 27 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Матчтың басталуы – 19:00-де.

Тіркеу құжатын алу мақсатында сіздің кандидатураңызды қарау үшін b.abuov@fckairat.kz электрондық мекен-жайына әр делегат үшін төмендегі мәліметтерді жіберуіңіз керек:

1. Ұйымның аты.

2. БАҚ-тың түрі және аты.

3. Делегаттың аты-жөні мен қызметі.

4. Редакциялық тапсырмамен қатар, бас редактор / жетекшінің қолтаңбасы.

5. Байланыс құралы (міндетті түрде эл. поштаның мекен-жайы және ұялы телефон нөмірі).

 

Ұсынымдар 22.09.2017 14:00-ге дейін қабылданады.

 

БАҚ тіркелген жағдайда мына үлестер қаластырылған:

- баспалық БАҚ-тан – 1 журналист + фотокорреспондент

- ТВ / Радио редакциясынан – 2 журналист + оператор

- ақпараттық агенттіктерден – 1 журналист + фотокорреспондент

- электрондық БАҚ-тан – 1 журналист + фотокорреспондент.

 

Акрредитацияңыз болса:

1. Матч кезінде стадионға еркін кіре аласыз;

2. баспасөз ложасында орын болады;

3. матчтың хаттамасы;

4. матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатына қатыса аласыз.

 

БАҚ өкілдері Орталық стадионның 11-подъезді арқылы кіреді. Матч барысында журналистер баспасөз ложасында болуы тиіс, ал фотокорреспонденттер мен видеооператорлар ерекше омыраушымен қақпа артында болады.

 

«Қайрат» футбол клубы мынандай жағдайларда журналисті тіркеуден бас тартады:

 

- Тіркеуге сұраныс жібергенде тәртіптің бұзылуы

- Шындыққа жанаспайтын ақпараттар таратылуы

- журналистің редакцияда жұмыстан шығуы (бұл жағдайда редакция басқа журналисті тіркей алады)

- бұқаралық ақпарат құралының өз жұмысын тоқтатуы

- матч немесе баспасөз-мәслихаты барысында стадионда қандай да бір ереженің бұзылуы.

Айта кетейік, ескі аккредитациялар УЕФА лигасының матчтарына жарамыз.

 

 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст