Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Бақтияр Байсейітов: «Біздің мақсатымыз жеңілмеу болды»

Бақтияр Байсейітов, «Ордабасы»:

- Білесіз ба, Испанияда «Барселона» мен «Реал» ойнап жатқанда - бұл Эль-Классико. Сондай-ақ, Англияда «Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтед» ойнағанда бұл матчтарға футболсүйер қауымның назары ілігеді. біздің Премьер-лигада «Қайрат» «Астанамен» бірге ең мықты команда болып саналады. Біздің мақсатымыз өзімізді лайықты көрсетіп, жеңілмеу болды, соған қол жеткізе алдық. Жігіттерге алғысымды айтамын, бізде жарақат алған 6-7 ойыншы болған. Соғанн қарамастан, Касалица мен басқалары жарақатпен шықты, артынша ауыстырып тастадық. Көрермендерге бұл матч ұнады деп есептеймін.

- Касалицаға не болды?

- Ол ауыр жарақат алып қалды, бірақ бүгін оған дәрі шаншытып шығардық. Қожабаев ойнай алмады, Гогуа да сол. Оған ойнай ала ма, жоқ па, сұрағанбыщ - ол көмектесетінін айтты. Гейнрих гол соғып кете жаздағанда жақсы пасты сол шығарды. Бүгін жарақатын асқындырып алған секілді, ол үшін маусым аяқталды.

- Үшінші орын алу мүмкіндігі қаншалықты сақтаулы?

- Үш ойын ғана қалды. 16-сында «Ертіспен» ойнаймыз, олар бүгін «Ақтөбені» тас-талқан етті. Осы үш ойынды сәтті ойнасақ, үшінші орын ала аламыз.

- Бекбаевтың ойынына қандай баға бере аласыз?

- Бекбаев назарды аударуға тұрарлық қақпашы деп ойлағанмын, бүгін солай жасадым да. Ол «Тобoл» мен «Ақтөбеде» болды, бірақ ол жерлерде ойнаған жоқ. Оның көзінен көмектесуге деген ниетті көрдім. Биыл бізде 5 қақпашы болды, Отарбаевты Ақтөбеге жібердік, ол жақта негізгі құрамда жүр. Алматты өзімізде қалдырдық. Бойченко ұзақ уақыт ойнады, бірақ жарақат алып қалды. Сондықтан оның орнына Бекбаев шықты. Алмат - мықты қақпашы. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст