Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Бақытқа ортақтасып

«Қайрат» ФК сөйлеуі қиын балаларға арналған интернат-мектепте қонақта болды.

 

Алматылық «Қайраттың» футболшылары Чума Анене, Бауыржан Тұрысбек және Александр Соколенко және «Аяла» қайырымдылық қоры сөйлеуі қиын балаларға арналған №9 арнайыланған интернат-мектепке барды.

 

Интернаттағы кездесу танысумен басталды және балалар күтпеген қонақтардың келгеніне таң қалып, қуанышты болғанын айта кетейік. Алғы сөзден соң, футболшылар мен балалар үш командаға бөлініп, бір-бірімен жолдастық матчтар ойнамас бұрын жаттығу жасады.

 

Қайраттықтардың келуі балалардың үлкен қызығушылығын тудырды және олар ұялмай, өз сұрақтарын қойды. Артынша, әр команда бір-бірден жолдастық ойын өткізіп шықты және балалар қызыға ойнады. Соңында «Қайрат» ФК футболшыларына алғыс хаттар табысталып, олар балаларға өз тілектерін жеткізді.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст