Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Бас директор life.ru-ға сұхбат берген жоқ

«Қайрат» ФК бас директоры Мәлік Күшәлиев life.ru сайтының журналистеріне сұхбат бермеген.

26 қарашада life.ru сайтында «Кайрат» не будет наказывать Аршавина за выброшенную медаль финалиста кубка» деген тақырыппен материал жариялаған, мұнда «Қайрат» ФК бас директоры Мәлік Күшәлиевтің сөзі келтірілген екен.

Бірақ, негізі. ресейлік сайттың өкілдері бас директормен байланысқан жоқ, өз кезегінде, ол да ешкімге ешқандай сұхбат бермеген. Біз журналистік этиканы бұзып, сұхбат алмай-ақ, мұндай пікірді жазуға тыйым саламыз. Олай болмаған жағдайда, бізге сотқа баруға тура келеді. Біздің пікірімізше, life.ru өзіне назар аудару үшін өте төмен және арзан тәселдерге барды. Клуб жалған ақпараттарды таратқандарды жауапқа тарта алады.

Айта кетейік, «Қайрат» ФК өкілдерімен байланысқа шығу үшін баспасөз өкілдеріне алдымен клубтың баспасөз-қызметімен келісуі қажет, алайда Мәлік Күшәлиевтен сұхбат алу үшін life.ru редактортары не журналистерінен ешкім байланыспады. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст