Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Бауыржан Исламхан – маусым ойыншысы

«Қайраттың» капитаны Премьер-лига командаларының басшылары, бас бапкерлері және капитандары қатысқан сауалнамада жеңіске жетті.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2016 жылдың қорытындысы бойынша үздік ойыншыны анықтауға жасалған сауалнаманы қорытындылады.

Сауалнама барысында әр қатысушы басымдық бойынша үш футболшының ата-жөнін айтып шықты. Біріншісі 3 ұпай, екіншісі 2 ұпай, ал үшіншісі 1 ұпай еншіледі.

Сауалнаманың қорытындысы: «2016 жылғы маусымда Премьер-лиганың үздік футболшысы» - Бауыржан Исламхан, 46 ұпай. Екінші және үшінші орындарды екі футболшы бөліп тұр – маусымды «Ордабасыда» бастап, «Астанамен» алтын медаль алған Азат Нұрғалиев және «Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоу – 27 ұпай. Төртінші орында «Ертістің» жартылай қорғаушысы Карлос Фонсека – 15 ұпай. Үздік бестікті қайраттық Андрей Аршавин түйіндейді – 13 ұпай.

Дауыс беру нәтижесі мына сілтемелер бойынша: бірінші бөлім, екінші бөлім. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст