Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Бауыржан Тұрысбек: «Біз өз алаңымызда ойнаймыз және бар күшімізді саламыз»

Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Арменияға қарсы кездесу алдында журналистер сұрағына жауап берді.

 - Ойынның біз үшін маңыздылығын айтудың керегі жоқ. Біз өз алаңымызда ойнаймыз және бар күшімізді салып, жеңіске жетуге тырысамыз.

Қалыпқа келуімізге аз ғана уақыт болды. Кеше жаттығу өткіздік. Қазірше бәрі ойдағыдай. Қазақстан чемпионатындағы ойын кестесінің арасы тығыз қойылған. Меніңше, ертеңгі ойынға 100 пайыз дайын боламыз.

Әр футболшышы өз алдына ұлттық құрамаға ойынымен көмек беруді ойлап тұрады. Менің бар ойым – құраманың жеңіске жетуіне көмектесу.

- Арменияның Польшаға (1:6) қарсы матчта ірі есеппен жеңілуінен соң қандай түйін шығаруға болады?

- Меніңше, Арменияда қорғаныста қиындықтар бар, команданың осынша гол жібергенінен солай деп түйіндеуге болады. Қорғанысынан саңлау іздеп, қарсыласты зерттейміз.

- Армения құрамасының деңгейі біздің құрамамен бірдей дегенге келісесіз бе?

- Осы іріктеу кезеңінде Армения айтарлықтай ұпай жинаған жоқ. Футболда жеңілмейтін команда жоқ. Ертеңгі ойында үш ұпай иеленетін мүмкіндік болады деп үміттенемін.

- Бас жаттықтырушы Александр Бородюк Румынияға қарсы ойында футболшыларға жылдамдық жетіспеді деді. Келісесің бе?

- Келісемін, расымен бізге жылдамдық жетіспеді. Бас жаттықтырушы ойыннан кейін бізге бірнеше қателіктерімізді көрсетті. Бұйырса, қателіктерден сабақ алып, ертеңгі ойында жанкүйерлерді қуантамыз деген үміттемін.

Дереккөз: kff.kz

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст