Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Бес қайраттық – тур құрамасында

Sports.kz спорт порталы Премьер-лига 32-турының символикалық құрамын жариялады.

 

Бас бапкер:

Карлос Алос («Қайрат»)

Алматылықтардың испаниялық бапкері болгариялық қарсыласын тактикалық тұрғыда жеңді деуге болады. Карлос «Астананың» шабуылдағы ойынына қарсы «у» тауып алғандай, ал қайраттықтардың шабуылы өзіне ойылған міндетті толық атқарды.

 

Шабуылшылар:
Жерар Гоу («Қайрат»)

Қайраттық та, тобылдық та (Молдақараев – авт.) бұл турда алаңнан голсыз кеткен жоқ – форвардтың басты тапсырмасы қарсыластың қақпасынан саңлау табу екенін бәріміз білеміз. Жерар мен Жасұлан сенбіде өз ойынымен жақсы әсерде қалдырды.

 

Сол қанаттағы жартылай қорғаушы:

Андрей Аршавин («Қайрат»)

Ресейлік футболшы қайраттықтарды Астанада жеңіске сүйреді. Елордалар матчында Андрей үздік ойыншы болды деуге болады. Оның үстіне, маңызды нәтижелі пас та берді.

 

Оң қапталдағы жартылай қорғаушы:

Исаэль («Қайрат»)

Бразилиялықтың ойыны жүріп тұрса оны тоқтату мүмкін еместей көрінеді. «Астанамен» матчта Исаэль өзінің қолынан келетін бар шеберлігін көрсеткен жоқ. Бірақ әдеттегідей жоғары деңгейде ойнап, өз командасының жеңісіне үлесін қосты.

 

Орталық қорғаушы:

Сесар Арзо

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст