Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Біздің қосымшамызға тіркеліңіз

«Қайрат» ФК біздің команда туралы ақпараттық қосымшаны қуана ұсынады.

«Қайрат» ФК қосымшасы орысша, қазақша және ағылшын тілінде жұмыс істейді, мұндайды отандық клубтардың ешқайсысы да жасамаған. Дәл қазір бұл қосымшаны Play Market және App Store-ден жазып алуға болады.

Мұнда сіз матчтың нәтижелерін, турнир кестелерін және түрлі промо роликтер қарай аласыздар. Қолданушыларға ыңғайлы болу үшін турнир кестелері бөлек бөлімде тұрады. Мұнда «Қайрат» ФК-ның қазіргі орындарын көруге болады.

«Жаңалықтар» бөлімінде команда өмірі туралы ең қызықты және ең соңғы ақпараттарды табасыздар. Жаңалықтар 2 дәрежеге бөлінген: клуб жаңалықтары және академия жаңалықтары. Сіз жаңалықтарды оқып қана қоймай, өз пікірлеріңізді жаза аласыздар.

«Оқиға» бөлімінде «Қайраттың» жақын арада өз алаңында өткізетін матчтары мен клубтың басқа да іс-шараларының тізімін қарауға болады. Сіздің қолайлылығыңыз үшін, бір шертіп қалсаңыз, осы оқиғаларды Google сервисіндегі күнтізбеңізге сақтап қоя аласыз.

«Команда» бөлімінде клуб ойыншылары мен бапкерлері туралы барлық ақпаратты алуға болады. Ал «клуб туралы» бөлімінде «Қайраттың» инфрақұрылымы жайлы толық ақпарат тұр. Сондай-ақ, клуб басшылығымен танысып, қызметкерлерге өз сұрақтарыңызды қойып, біздің нысанымыз туралы біліп, әріптесіміз бола аласыздар. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст