Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Бізге кім қонақтап келеді?

Алматылықтардың ресейліктермен жолдастық матчы жақындап келеді, бұл ойын жанкүйерлерге бірнеше себеп бойынша қызық болуы мүмкін. Соның бірі - қарсыластың аты, орынборлықтар ресейлік Премьер-лигада ойнайды, бұл өте жақсы көрсетік.

«Қайрат» пен «Оренбургтің» кездесуі қазақстандық бұрынғы екі елорданың теке-тіресі екені жасырын емес. Жолдастық кездесу бұл командалардың арасындағы бірінші өзара матч болмақ. Кеңестік кезеңде «Оренбург» екінші лигада ойнады, бірақ ерекше жетістіктерге қол жеткізген жоқ.

КСРО құлаған соң «Газовик» («Оренбургтің» бұрынғы атауы) Ресейдің екінші лигасына түсіп, ол жақтан 1993 жылы ұшып кетті. 5 жылдан кейін орынборлықтар үшінші дивизионға қайта оралды, ал 2006 жылы Ресейдің бірінші дивизионына көтерілді.

10-шы жылдардың басында клубта күрделі өзгерістер орын алды. «Оренбург» жоғары мақсаттарды қоя бастады. 2014 жылы бұл ұжым ҰФЛ-та бесінші орын еншіледі, ал өткен маусымда «Газовик» Ресей Федерациясының екінші дивизионында жеңімпаз атанды.

Осы жетістіктерге «Оренбургтің» бас бапкері Роберт Евдокимовтың үлесі тиді. Бұл ресейлік маман осымен бес жыл бойы команданы жаттықтырып келеді және футболшыларды өз көзқарасы бойынша алады.

Биылғы жаз айы «Оренбург» үшін өте маңызды болды. РФПЛ-де дебют өткізу - маңызды әрі жауапты оқиға. Командаға құрамды күшейту керек болды және трансфер кезінде орынборлықтар жақсы жұмыс жасады. ЦСКА-дан Ефремов пен «Рубиннен» Батов жалға алынды, ал «Оренбургпен» бірден 10 футболшы келісім-шартқа отырды – Кацалапов («Уфа»), Гутор («Динамо»), Бамба, («Заря» Украина), Жунич («Волынь», Украина), Габулов және Померко («Крылья Советов»), Нехайчик және Саная («Томь»), сондай-ақ, «Амкардан» Александр Прудников және «Рубиннен» Благое Георгиев.

Премьер-лиганың жаңа командасы үшін маусым жақсы басталды. Бүгінгі кезде Евдокимов шәкірттері 7 матч өткізіп, турнир кестесінде 15-ші орында келе жатыр. Сонда да, «Оренбургті» оңайлықпен жеңілмейтін, күресе алмайтын команда ретінде тануға болады - дебютанттардың еншісінде 4 тең есеп бар.

Естеріңізге сала кетсек, «Қайраттың» «Оренбургпен» кездесуі 8 қазанға жоспарланған, басталуы - 18:00-де. Ойын Алматыда «Орталық» стадионда өтеді.

Жақын арада сайтымызда осы қарсыласмен таныстыруымызды жалғастыра береміз - бізбен бірге болыңыздар. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст