Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Чемпиондар – 10 жылдан соң

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин Сан-Петерборда қолтаңба сессиясына қатысты.

 

«Зенит» - «Тосно» матчы басталмас бұрын «Санкт-Петербург» аренасында «Қайрат» ФК жартылай қорғаушысы және питерлік клубтың бұрынғы ойыншылары Андрей Аршавин, Павел Погребняк және Камил Чонтофальски қолтаңба сессиясына қатысты. Футбол кеші үш футболшының қатысуымен интерактивпен басталды. Әрқайсысы белгілі комментатор Геннадий Орловтың сұрақтарына жауап берді. Аршавиннің айтуынша, ол 2017 жылғы чемпиондық матчтан кейін фанаттардың санына таңқалған.

 

«Есімде, автобус Жеңіс Алаңына тоқтаған кезде, мен шыққанмын. Жанкүйерлер өте көп болды және мен ішке қайта кіруім қиын болды», - деді Андрей.

 

Артынша шара өзінің негізгі бөлігіне келіп, Питердегі аренаға келген әр жанкүйер сүйікті футболшысынан қолтаңба ала алады. Сондай-ақ, алғашқы ысқырық алдында экс-чемпиондар арена көгалымен жүріп, трибунада отырған жанкүйерлерге қол шапалақтады. Аршавиннен бөлек, кешке «Қайрат» ФК бұрынғы жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук те қатысты.

 

Матч «Зениттің» сенімді жеңісімен аяқталды – 5:0.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст