Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Чума Анене: «Астанаға» қарсы ойынға үлкен ниетпен шығамыз»

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы өз сұхбатында «сары-қара түстілер» сапындағы мансабы туралы баяндап, «Астанаға» қарсы дербиден не күтетінін айтты.  

 

- «Ақжайық» қақпасына жеңіс голын соғуыңмен құттықтаймыз! Қалай ойлайсың, матчты тамаша өткіздің бе?

- Үлкен рахмет! Бұл ойында көп күресуге тура келді, бірінші голдан кейін бәріне қиын тиді – оның ішінде маған да. Сәл босаңсып қалып, бәрі өзімен өзі келеді деп ойласақ керек. Бірақ жеңіске жете алдық. Бәрі команданың жақсы деңгейінің арқасында – көп нәрсе жүрмей жатқан кезде де жеңіске жете аламыз.

 

- Қазақстандық футболға, «Қайратқа» бейімделдің бе?

- Қазір маған қолайлы болып келе жатыр дей аламын. Алматы – тамаша қала, бұрынғыға қарағанда қазір өзімді жақсы сезінемін. Сондықтан, қазір мен үшін және команда үшін ең оңтайлы уақыт деп есептеймін.

 

- Маусымның бірінші жартысында сен ойының үшін көп сынға ілінген едің. Неге солай болды деп ойлайсың?

- Бұл әділетті сын деп ойлаймын. Бәрі менен бұдан да көп нәрсе күтті, сын осыдан басталғанын білемін. Бірақ бұған дейінгі ойыным неге қажетінші жақсы болмағанын да білемін. Алайда, мен өткенге көп көңіл аудара бергенді жөн көрмеймін.

 

- «Ақжайыққа» қарсы матчты сен негізгі құрамда бастадың. Қалай ойлайсың, осы матч алдында сен Жерар Гоудан бәсекелестікті ұтып алдың деуге бола ма?

- Мен Жерардан ешқандай бәсекелестікті жеңіп алған жоқпын – ол менің командалас әріптесім және одан үйренерім көп. Оның қол жеткізгені ерекше, ол нағыз голеадор. Ол матчты негізгі құрамда бастағанда, мен өзімді сенімді сезінемін. Алаңға мен бірінші секундтан шыққанда да солай. Бірақ Жерар Қазақстандағы үздік сұрмерген және №1 шабуылшы болып қала береді. Мен онымен мақтанамын.

 

- «Қайраттың» қазіргі бас бапкерімен ара-қатынасың қалай?

- Жаңа бапкерге көңілім толады. Ол қызуқанды емес, көңілі көтеріңкі. Бұл бүкіл командаға жаңа леп сыйлады. Бұл бапкердің көрсеткіштеріне көз жүгіртер болсақ, бәрін түсінуге болады. Ол – кәсіби маман, оны бәрі де құрметтейді және оның көзқарастарын түсінеді.

 

- Қазақстан чемпионатының деңгейі туралы не айта аласың?

- Қазақстан чемпионаты мен алғаш келген кезде ойлағаннан жақсы екен. Оны дұрыс бағаламаған шығармын, бірақ мұнда жақсы ойыншылар бар. Біздің уақытымызда футбол барлық жақсы дамып жатыр.

 

- Қазақстан қалай екен? Біздің елде сен әлі үйреніспеген заттар бар ма?

- Қазақстан – мәдениеті бай ел деп ойлаймын және менің қазір Алматыда болуым өте тамаша. Мені қатты таңқалдырған ештеңе жоқ, бірақ мұнда келгенімді таңданысым болды. Бұл көп нәрсеге қол жеткізуге болатын үлкен қала.

 

- Жақында «Астанаға» қарсы шешуші матч өтеді. Чума Аненеден гол күтейік пе?

- Біздің бұл ойынға қандай әсер беретініміз қызық. Біз алаңға үлкен ниетпен және күреске дайын болып шығамыз деп ойлаймын. Егер алаңға шықсам, бар күшімді салатынымды көресіздер. Егер құрамда маған орын табылмаса, қолдан келгенше өз командамды қолдауға тырысамын.

Дереккөз: Sports.kz

 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст