Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Дамудың жаңа кезеңі

«Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев команданың соңғы нәтижелері мен клубтағы өзгерістер туралы айтты.

- Соңғы бірнеше жылдары футболшылардың клубқа деген көзқарасы мен қол жеткізген нәтижелер туралы айтар болсақ, «бір қақпаға болған ойын» деуге болады. Соңғы төрт жыл бойы клуб тарапынан негізгі команда футболшылары мен академиялардың дамуы үшін, шеберлігін ұштау үшін инфрақұрылым бойынша барлық жағдай жасалды: бар мндет өз орнымен орындалып жатыр, бірақ спорттағы нәтиже өзгерген жоқ.

Оқиғаның осылай өрбуі бір күні аяқталуы тиіс екені анық. Футбол клубтарында күрделі өзгерістер маусым ортасында болатыны түсінікті. Бірақ қазіргі спорт нәтижелер клуб басшылығын осы дәстүрді өзгертуге итермеледі. Сондықтан, олар осы маусым барысында-ақ өзгерісті бастауды жөн санап отыр.

Біріншіден, команданың ойыны да, соңғы матчтардағы нәтиже де көңіл көншітпейді. Екіншіден, алға қойылған мақсаттар орындалмай жатқанда, экономикалық қаржыландырудың қаншалықты дұрыс екені бөлек мәселе. Командада «жеңіліс вирусы» бар сияқты. «Қайрат» футбол клубына түскен ойыншылар өмірдің ләззаты енді басталды деп ойлайды, бірақ «барлық жақсы мен оңай олжалар бір күні бітеді» деген сөз бар.

Сондықтан, біз іргетасын қалып, маңызды шешімдер қабылдайтын кез жетті деген ойға келдік. Бұлай жалғастыра беруге болмайды, жалғаспайды да. Маусымның қалған уақыты футболшылардың клубқа деген көзқарасын көрсетіп, кімнің кім екенін айқындап береді! Ең басында бүкіл инфрақұрылымды құрып жатқанда біз жігерсіз, амбициясы жоқ және масаттанған команда жасаймыз деп ойламаған едік.

Жақын арада Қазақстан үшін, қала мен клуб эмблемасы үшін ойнауға тырысатын осыншыларды жинақтаймыз.

Бір сөзбен айтқанда – өзгеріс уақыты жетті:

- команда көрсетіп жүрген нәтижені біз өте қанағаттанғысыз деп бағалаймыз;

- егер футболшылар ішкі чемпионатта жүлделі орын алу – ЖЕТІСТІК деп ойласа, олармен пікіріміз екі түрлі екен;

- команданың бас бапкері өзінің штабымен бірге екі тараптық келісім бойынша жұмысынан босады;

- футболшылар бапкермен бірге жауапты екенін түсінуі керек;

- маусымның қалған матчтары – өз болашағын біздің командамен байланыстыратын футболшылар үшін ақталу мүмкіндігі;

- клубтың даму векторы күрделі өзгеріске ұшырайды, жолымыз түйіспейтін адамдардың бәрімен қоштасамыз;

- ойында жанын салмайтын «жалған футболшыларға» ақша беруден шаршадық, олар команда айналасында жағымсыз ахуал орнатады, ал жанкүйерлердің нәтижеге көңілі толмай жүр.

Осылайша, «Қайрат» ФКөз дамуының стратегиясын қайта қарап шықпақ. Бізге «футболдағы бизнесмендер» емес, футбол ОЙНАҒЫСЫ КЕЛЕТІН және ОЙНАЙ АЛАТЫН футболшылар мен тұлғалар керек. Көп ойыншы командада қалмауы мүмкін, бірақ қалғандарының айналасында жаңа команда құрылады – өз қалтасын толтыруды ғана ойлайтындардан емес, футболда маңызды нәрсеге қол жеткізгісі келетін адамдардан құралады.

Клубта жас футболшылардың дамыту мен дайындауға басты назарды аударамыз. Бұл мақсатты орындау үшін бізде бар жағдай жасалған – біз кез келген амалмен ЖЕҢІСКЕ қол жеткізуді ойламаймыз.

Бірінші командадағы жас қазақстандық футболшылардың өзін көрсетуіне мүмкіндік береміз, бұл олардың дамуы үшін жаңа ынталандыру болады. Кейін ұлттық құрамада сапалы ойыншылар саны арта түседі.

Біз бір жылдан астам уақыт бойы жас командалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар бас бапкерді іздеп келеміз. Әрине, біз әлі де жанкүйерлер қолдайды деген үміттеміз және клубтағы осы өзгерістер сапалы жетістіктерге әкелетініне сенімдіміз.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст