Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Елордалықтарды тізе бүктірдік

«Қайрат» еліміздегі маңызды дербиде елордалық командадан басым түсті.

«Қайрат» - «Астана» - 3:0

Голдар: 22, Аршавин, 61, Логвиненко (автогол), 76, Иличевич

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ), Ғафуржан Сүйімбаев, Акош Элек, Елдос Ахметов, Ян Вороговский, Михаил Бакаев, Исламбек Куат, Бауыржан Исламхан (К) (86, Арзо), Исаэль (90, Жуков), Андрей Аршавин (71, Иличевич), Жерар Гоу

Қосалқы құрам: Владимир Плотников (Қ), Тимур Рудосельский, Ермек Қуантаев, Ойбек Балтабаев, Бауыржан Тұрысбек, Чума Анене

«Астана»: Александр Мокин (Қ), Дмитрий Шомко (К), Юрий Логвиненко (80, Бейсебеков), Марин Аничич, Евгений Постников, Игорь Шитов, Иван Маевский, Срджан Граховац (85, Твумаси), Аздрен Ллуллаку (46, Муртазаев), Джуниор Кабананга, Серікжан Мужиков

Қосалқы құрам: Ненад Эрич (В), Дидар Жалмұқан

Ескертулер: 39, Аршавин, 83, Қуат - 29, Логвиненко, 70, Маевский, 90+5, Бейсебеков, 90+5, Твумаси

Бұл матч биылғы жылдағы ең маңызды ойындардың бірі саналғаны анық, себебі «Қайрат» жеңсе, чемпионат қызығы қайта оралады.

Матч қонақтардың қауіпті шабуылымен басталды. Джуниор Кабананга допқа алғаш жанасуымен-ақ соққы жасаған, доп қақпадан биік кетті. Бірақ өте қауіпті болды. Бұған Ғафуржан Сүйімбаев жауап қатты. Қапталдағы қорғаушы алыстан соққы жасап, Мокиннің қырағылығын бір тексеріп алды – голкипер орнында.

22-минутта Андрей Аршавин есеп ашты. Жерар Гоу айып алаңына енер тұста допты ресейлікке қалдырған, соңғысы «тоғыздықты» дәл көздеді – 1:0.

Астаналықтар пас әуелету арқылы жауап қатты. Қонақтардың бас бапкері ойынды алыс пастар арқылы өткізуге тырысқаны бірінші минуттан білінді. Сондай сәттердің бірінде, Джуниор Кабананга допты басымен қақпаға бағыттаған, Сүйімбаев допты қақпа сызығынан алып шықты.

Гол соғылған соң, ойын қарқыны үдей түсті. Бірақ соған қарамастан командалар үзіліске осы есеппен кетті.

Ойынның екінші жартысы жай қарқынмен басталды. Матчтағы екінші гол күтпеген жерден болды: Исламхан «Астананың» айып алаңына пас асырған, допқа Логвиненко бірінші жетіп, өз қақпасына гол соғып алды – 2:0.

Иво Иличевич 76-минутта Мокинмен бірге-бір шығып, астаналықтардың қақпашысынан айласын асырды – 3:0, алматылық команда елордалық қарсыласын тас-талқан етті.

Осы жеңістің арқасында «Қайрат» үш ұпайға қол жеткізіп, Премьер-лиганың турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст