Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Ертерек ойнатылатын матч

Премьер-лиганың 30-турындағы ертерек уақытқа ауыстырылған матчында «Қайрат» шымкенттік «Ордабасымен» кездеседі.

 

Күнтізбеде бұл ойын 15 қазанға тіркелген болатын, алайда оған бір күн қалғанда алматылықтар ел кубогының финалында «Атыраумен» кездеседі. сондықтан, «Қайрат» чемпионаттың кестесінен сәл ерте келеді.

«Ордабасы» - 2000 жылы «Томирис» пен «Жігер» командаларының бірігуі арқылы «Достық» деген атпен құрылған шымкенттік клуб. Матчтарын 20 000 адам сыятын Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткізеді. Жақында ғана «Орда» осы аренада ойнауға рұқсат алған болатын. Ресми сайты – fcordabasy.kz.

 

Құрамда кімдер бар?

Маусымның басында шымкенттік ұжым алтын медальға таласатынын жеткізген болатын, алайда Петрушин мен оның командасы ойлағандай болмай шықты. Бүгінде «Ордабасы» үздік үштікті түйіндеп тұр және жағдайлары қызық – жақын арада не төменге, не жоғарыға жылжи алмайды.

Айта кетерлік жайт, қонақтарда қақпашылар арасында бәсекелестік жоғары. Көп матчта қақпаны Алмат Бекбаев күзеткен, алайда соңғы матчтарда Рамиль Нұрмұхаметов шығып жүр. «Тобылға» қарсы матчта ол шымкенттіктерді бірнеше рет құтқарып, қаһармандардың бірі болды.

Алаңда өткізген минуттары бойынша үздік деп легионерлерді айтуға болады – Диакате, Ковальчук және Фонтанелло. Азат Нұрғалиевке де үлкен міндет артылған, ал Темірлан Ерланов мансабындағы ең үздік маусымдарының бірін өткізіп жатыр.

Нағыз сұрмерген рөлін Таңат Нөсербаев өзіне алған, ол 9 гол соғып үлгерді. Тұңғышбаев, Нұрғалиев пен Ковальчук 4 голдан соққан.

 

Пікірлер қандай?

Өткен турда шымкенттіктер сырт алаңда «Тобылмен» тең тарқасқан. Кездесудің соңғы бөлігінде «Ордабасы» көп ойыншымен ойнады. Бас бапкер Алексей Петрушиннің пікірінше, «Тобылмен» тең түсу әділеттілік: «Біз бұл ойынға тиянақты дайындалғанбыз, соңғы матчтарға қарап, олардың үшінші орынға басты бәсекелесеміз деп айтуға болады. Бүгін кей жерле біздің, кей тұста алаң иелерінің жолдары болды. Меніңше, тең есеп – әділетті нәтиже. Менің өз командама көңілім толады, құрамда, жігіттердің жағдайында қиындықтардың бар екенін ескеру керек».

 

Не күтеміз?

Соңғы бес кездесуде «Орда» екі рет жеңіп, екі рет тең тарқасты. Команда күміс медаль үшін талас жүргізіп жатыр. Алматыға шымкенттіктер үш ұпай үшін келеді – олардың жоғалтар ештеңесі жоқ. Бірақ Карлос Алос Феррер шәкірттерінің бұл туралы ойы басқаша. Сары-қара түстілер жанкүйерлерін қуантып, жеңістер сериясын жалғастырмақ.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст