Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Финалда Кучин төрелік етеді

Алдағы матчта қызмет ететін төрешілер бригадасы анықталды.

 

Қазақстан Республикасы Кубогының алдағы финалында «сары-қара» түстілер «Атырау» командасымен кездеседі. Бұл ойынның төрешілер бригадасы белгілі болды. Матчтың бас төрешісі қызметіне қарағандылық Артем Кучин тағайындалды. Оған Әлібек Әубәкіров (Астана) пен Дмитрий Будниченко (Екібастұз) көмектеседі.

 

Осы маусымда Кучин «Қайрат» ойнаған үш матчта қазылық етті. Алғашқысында алматылық футболшылар Қазақстан Суперкубогында «Астананы» сенімді ұтты – 2:0. Келесі матч сәуірде өтті, «Қайрат» Павлодарда қарсыласымен тең түскен болатын – 3:3. Кучит төрелік еткен соңғы матч Таразда болды. Сол кезде қайраттықтар алаң иелерін тас-талқан еткен болатын – 1:5.

Матчтың қосалқы төрешісі қызметіне Юрий Тихонюк тағайындалды. Төрешілердің қосымша көмекшілері – Марат Ысқақов (Астана) пен Тимур Кумашев (Астана). Кездесу инспекторы – астаналық Болатбек Жуасбаев.

 

Естеріңізге сала кетсек, Кубоктың финалы 14 қазанда Ақтөбе қаласындағы Орталық стадионда өтеді. Матч Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст