Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Георгий Жуков: «Клубқа пайдамды тигіземін деп үміттенемін»

Назарларыңызға қазақстандық жартылай қорғаушының алматылық клубтағы алғашқы сұхбатын ұсынамыз.

- Георгий, келісім-шартқа отыруыңызбен құттықтаймыз. Қандай әсердесіз?

- «Қайрат» секілді клубқа ауысқаныма қуаныштымын. Осы жазда «Қайратпен» келіссөз жүргізгенмін, сол кезде өз күшімді ресейлік чемпионатта сынап көргенім дұрыс болады деп шешкен едім. Осы уақытқа дейін селекциялық қызметпен және клубтың президенті Қайрат Боранбаевпен байланысып тұрдым. Бірнеше рет менің осында ауысу мүмкіндігім туралы сөйлескенбіз. «Қайраттың» ұсынысын қабылдап, клубтың бір бөлігіне айналғаныма қуаныштымын.

- Неліктен «Қайратпен» келісім-шартқа отыруды жөн көрдіңіз?

- Бұл болашағы зор клуб және тарихы тереңде жатыр. Мен бұл жобаға сенемін және оған өз үлесімді қосқым келеді.

- Сіз қазақстандық чемпионатта бір жыл ойнамадыңыз, біздің лигаға назар аударып тұрасыз ба? Өзгеріс бар ма?

- Иә, Қазақстан чемпионатын бақылап тұрдым. Чемпионатта көп нәрсе өзгерген жоқ, «Қайрат» пен «Астана» - екі көшбасшы. Испаниядағы «Реал» мен «Барса» секілді.

- Биылғы жылы сіз Голландия мен Ресейде доп тептіңіз. Бұл чемпионаттар сізге қандай пайда әкелді?

- Көп матчқа қатыстым. Маған осындай нәтиже керек болады деп есептеймін. Мен бірнеше чемпионатта ойнап шықтым және түрлі біріншіліктердің деңгейлері туралы айта аламын. Осындай халықаралық тәжірибе болашақта көмектесетіні сөзсіз.

- Жаңа клубта алдыңызға қандай мақсат қойдыңыз?

- Мақсат – чемпион болу. Сонымен қатар, Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алып, Кубокты жеңу. Біздің мақсатымыз – бәрін жеңіп алу. Жеке менің мақсатым – негізгі құрам ойыншысы болып, сол тұрғыда даму. «Қайраттың» орта бөлігі өте мықты, бірақ мен бәсекелестіктен қорықпаймын және команда мен клубқа пайдамды тигіземін деп үміттенемін. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст