Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Георгий Жуков: «Маусым соңында нағыз мінезімізді көрсеттік»

Қазақстандық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы өткен маусымда алматылық клубқа ауысып, 29 матчта 2 гол соқты. Георгий дебютті маусымынан алған әсерімен бөлісті, сондай-ақ, баспасөз-қызметінің сұрақтарына жауап берді.

- Иә, чемпионаттың басын сәтсіз бастадық және маусымның алғашқы кезеңінде бізге үлкен қысым жасалды. Бірінші орыннан бірнеше ұпайға қалып қойдық, бірақ нағыз мінезімізді танытып, турнир кестесінде бірінші орын алу үшін ең соңғы матчқа дейін таластық. Әрине, кейбір матчтарда ауадай қажет болған ұпайды жоғалтқанымыз өте өкінішті. Бірақ біз команда екенімізді және үздік футбол көрсетіп, күресуге дайын екенімізді дәлелдедік.

- Командалық көрсеткіштерден бөлек, «Қайрат» сапындағы алғашқы маусымыңды қалай бағалайсың?

- Осы маусымда өткізген ойындарымнан үлкен ләззат алдым. Жақсы жұмыс атқардым деп ойлаймын, бірақ, өкінішке қарай, маусым барысындағы жарақаттар өзімнің толық ашылуыма мүмкіндік бермеді. Келесі маусым жақсырақ болып, мен өз ойынымды көрсете аламын деп үміттенемін.

- Осы маусымда саған байланысты ең жарқын сәттердің бірі – «Ақтөбе» қақпасына соққан әдемі голың. Жанкүйерлер бұл голды жиі еске алып тұрады. Бұл сенің мансабыңдағы ең әдемі голдардың бірі деп ойлайсың ба?

- Иә. Бұл менің мансабымдағы ең әдемі гол екені сөзсіз (күліп).

- Алдағы маусымда алға қандай мақсат қойып отырсың?

- Біріншіден, барлық ойыншылардың аман болғанын қалаймын! Біз команда ретінде алға мақсат қойдық және бәрі ұжымға байланысты. Ең маңыздысы, осы іске деген қатынасымыз дұрыс болуы керек. Сол кезде сәттілік жолдас болады.

Біз өз күшімізге сенеміз, маусымды жеңіспен бастау өте маңызды. Сол кезде біздің сенімділігіміз артады, тек жоғары орындарға таласамыз.

- Жанкүйерлерімізге не айта аласың?

- Олар маусым бойы бізге үлкен қолдау көрсеткендері үшін біздің жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Олар бізді әр матч сайын жігерлендіріп отырды. Маңыздысы осы, оларды алдағы уақытта да көреміз деп үміттенеміз!

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст