Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Игорь Рахаев: «Ойынға қойған нұсқауымызды орындамадық»

«Ақтөбенің» бас бапкері Игорь Рахаев Қазақстан Премьер-лигасының бірінші турындағы «Қайратқа» қарсы ойын жайлы пікірін айтты. Ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталған болатын – 1:0.

- Ең алдымен, барша нәзік жандыларды мерекемен құттықтағым келеді. Бүгін екі команда ла ойыннан ләззат сыйлады деп ойлаймын. Өкінішке қарай, біздің тарапымыздан нәтиже болмады. Жалпы, осылай.

- Матчқа нұсқауыңыз қандай? Ол орындалды ма?

- Нұсқауымыз жеңіске жету болатын, біз жеңіліп қалдық. Демек, орындаған жоқпыз.

- Өз командаңыздың алғашқы матчын қалай бағалайсыз?

- Білесіз бе, көктемгі матчтар қиын болады. Қарсылас команданың басымдығы болды: олар бұған дейін ресми бір матч ойнады, аз-кем болса да, қарқын алды, ал біз енді бастап жатырмыз. Осы тұрғыда бір нәрсе жетіспеді.

- Негізгі қақпашыны таңдау неге байланысты?

- Қақпашылар бапкеріміз бар, ол маған кеңес береді. Осындай шешім қабылдадық. Кім жақсы көрінсе, сол ойнайды.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст