Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Илир Дайя: «Біздің команда жақсы дайындалды»

«Скендербеу» командасының бас бапкері «Қайратқа» қарсы (1:1) матчтың қорытындысы жайлы ойын айтты.

- Кеше айтқанымдай: біз қарсыластың өте мықты екенін білдік. Біздің команда бұл ойынға жақсы дайындалды, дұрыс тактика таңдады. Біз еурокубоктың топтық кезеңінде ойнағанбыз, сондықтан өзіміздің мықты екенімізді білдік және қалаған нәрсемізге қол жеткіздік.

Тағы да айтайын, топтық кезеңдегі тәжірибе бізге үлкен көмегін тигізді. Біздің жоспарлағанымыздың бәрі орындалды: «Қайратқа» бос аймақ бермедік, қысқа пастармен ойнадық және нәтижеге біздің көңіліміз толады. Уақыт белдеуінің айырмашылығы ойынға әсерін тигізді, бірақ «Қайратқа» да алдағы матчта осындай жағдай туындайды. Бізді өз алаңымызда жанкүйерлер қолдайды және қонақтағы голымыз бар – бұл өте жақсы көрсеткіш.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст