Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Исаэль Барбоза: «Астанаға жеңіс үшін келдік»

32-турдың орталық матчы «Қайраттың» елордалық «Астананы» сенімді жеңуімен аяқталды. Ойынның қорытындысы бойынша, «Қайрат» ФК жартылай қорғаушысы Исаэль Барбоза баспасөз құралының сұрақтарына жауап берді.

 

- Ауыр ойын, екінші таймда «Астана» бізге көп аймақ берді. Шабуылға мүмкіндігіміз де ұлғайды. Екі команда да жеңіске ұмтылған, екі ұжым да мықты. Біз екі гол соға алдық – бұл тамаша.

 

- Тең есеп «Астанаға» чемпиондық сыйлайтынын білдіңіз бе? Енді маусымның басты жүлдесіне мүмкіндіктеріңіз бар.

- Футболда солай – маусым аяқталмаса, кімнің чемпион болатынын білмейсің. Біз жеңіс үшін келгенбіз – соған қол жеткіздік. Бұл матч финал секілді болды – ол бәрін шешуі мүмкін еді. Бірақ алда соңғы матчтар күтіп тұр, көреміз: егер «Астана» жеңіске жетсе, солай бұйырғаны. Бірақ біз үшін бұл жақсы нәтиже емес.

 

- Маңызды матч, жанкүйер де көп болды...

- Бұл футбол, бірақ стадионда көп адамның болғаны маған ұнайды. Қазақстанның екі мықты командасы кездесті, бәріне де жақсы футбол көрген ұнайды. Ал бұл қос команда қызық футбол көрсете алады. Жанкүйерлерге ұнайды – маған да.

 

- Сендерде тыңнан қосылған жас ойыншы гол соқты. Оның ойыны туралы не ойлайсың?

- Біз – командамыз, алаңда ойнап жүргеннің бәрі де маңызды. Ол алаңға шығып, бірінші және жеңіс голын соқты, өзін жақсы қырынан көрсетті. Айболды құттықтаймын, ол үшін қуаныштымын.

 

- Алда тағы бір матч күтіп тұр – чемпионаттың соңғы ойыны. Не күтесің?

- «Ақтөбе» - мықты команда, бірақ біз өз алаңымызда ойнаймыз және жеңіске жетуге міндеттіміз. Бұл оңай болмайды.

 

- Жалы маусым туралы не ойлайсың? Бапкер ауысты. Бұл қандай әсер берді?

- Маусым ауыр болды, көбі жарақаттанып қалды. Бапкердің ауысуы – команда үшін жақсы емес, бірақ кейде солай жасау керек болды. Соңғы 10 матчта біздің команда жақсы ойнап жүр. Маусымның соңы жақсы, бірақ сәтсіз бастадық.

 

Дереккөз: Sports.kz

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст