Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Исламхан — қазақстандық ең қымбат ойыншы

ҚПЛ-дың кезекті маусымы аяқталған соң футболшылардың трансферлік бағаларын сараптаушылар Қазақстан чемпионатындағы ойыншылардың сатылым құндарын жаңартты. Осылайша, отандық футболшылардан ең бағалысы Бауыржан Исламхан болды. Назарларыңызға оның трансферлік бағасын еске саламыз. 

Ең қымбат қазақстандық

Бауыржан Исламхан

23 жаста, 174 см

Клубы: «Қайрат»

Азаматтығы: Қазақстан

Амплуа: Шабуылдаушы жартылай қорғаушы/орталық жартылай қорағушы

ҚПЛ-дағы статистикасы: 147 матч, 34 гол

Қазақстанда 2011 жылдан бері өнер көрсетеді

Трансферлік бағасы: 1800000 евро

Ұлттық құрамада 21 матч

Қазақстандық талант кезекті маусымды жоғары деңгейде өткізіп, нәтижелігімен көзге түсті. Алайда, бұл жолы да алтын медаль қанжығалай алмады. Бірақ футболсүйер қауым Исламханнан оны күтпейді – бәріміз де еуропалық мықты чемпионаттарда қазақстандықты көргіміз келеді. Баторидан басқа кім арманымызды орындай алады? Әрине, ҚПЛ-да жартылай қорғаушы өз шеберлігін ұштап жатыр, оның үстіне, алматылық клубқа капитандық міндетті атқарып жүр. Көшбасшылық қабілет те алаңда өте маңызды. 

Әр маусым сайын Исламханның бағасы өсіп келеді, 2013 жылдан бері осылай. «Таразда» Бауыржан 150 мың еуроға бағаланған еді. Артынша Исламхан үшін «Кубань» жамбылдық клубқа 200 мың доллар төледі, сөйтіп, оның бағасы 345 мың еуроға дейін өсіп кетті. «Қайратта» хавбек 590 мың еуроға бағаланған, келесі жылы трансферлік құны 980 мың еуроға дейін ұлғайды. Ал былтыр футболшы еліміздегі ең қымбат футболшы атанды – 1 миллион 800 мың еуро. Бауыржан бұл тұрғыда 1175000 еуроға бағаланған Юрия Логвиненко мен Дмитрий Шомконы озып кетті. 

«Қайрат» өзінің капитанын оңайлықпен бере салмайтыны анық, бірақ еуропалық клубтар жақсы сома ұсынса, трансфер жүзеге ауысуы ықтимал. Оның үстіне, мұндай футболшыны сату алматылық клубқа да атақ алып келеді.

Источник: Prosports.kz

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст