Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Исламхан мемориалдық турнирге қатысты

Қаратауда жыл сайын «Тараз» ойыншылары Ахан Сатылғанов пен Денис Поповты еске алу үшін өтетін үшінші халықаралық турнир болды. 

Турнирге тоғыз команда қатысқан – Нұртас Кургулинның достары, Исламханның достары, Серік Жаманқұловтың достары, Әлішер Сүлейдің достары, «Тараздың» екінші құрамы, Тараз және Жаңатас құрамалары, сондай-ақ «Достар» командасы.

Жартылай финалда «Тараздың» жастар командасы Серік Жаманқұловтың командасын 4:3 есебімен ұтты. 

Екінші матчта Бауыржан Исламханның достары Нұртас Кургулинның достарынан айласын асыра алды – 3:2. 

Турнирдің алтын медалін «Тараздың» дублі еншіледі. Олар финалда 4:2 есебімен Исламханның командасынан басым түсті.

Финалдық матчтан кейін үздік ойыншыларға естелікке сыйлықтар табысталды, ал Попов пен Сатылғановтың отбасылары Нұртас Кургулин мен Бауыржан Исламханның қолдыранын сыйлық алды. 

Фото: kazfootball.kz

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст