Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Күміс пен қоланың қосындысы

Алматыда клуб командаларын марапаттау рәсімі болды.

 

«Қайрат» - «Ақтөбе» матчының алдында Алматы қаласындағы Орталық стадионда «Қайрат А» және «Қайрат Ж» командаларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Осы маусымда «Қайрат» ФК-ның Бірінші және Екінші лига командалары арасындағы Қазақстан Біріншіліктеріндегі өкілдері, тиісінше, қола және күміс медальдарды жеңіп алды.

 

«Сары-қара түстілерге» медальдарды клубтың бас директоры Әлішер Апсалямов пен спорт директоры Евгений Калакуцкий табыстады. Айта кетерлік жайт, осы маусымда клуб жүйесіне енетін үш команда да өз чемпионаттарында жүлдегер атанды. Бұл Қазақстандағы осындай жалғыз нәтиже болып саналады.

 

Сондай-ақ, марапаттау қорытындысы бойынша «Қайрат Ж» командасының шабуылшысы Бағдәулет Жүзбай Екінші лиганың үздік сұрмергені жүлдесін алды.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст