Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Kairat TV – команда жақын бола түсті

Өткен маусымда клубтың телевидениесі дамудың жаңа деңгейіне шықты. 

Соңғы жылдары «Қайрат» жоғары стандартқа сай болуға тырысып жүр. Маусымнан маусымға сайын клуб қызметкерлері жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жаңа мақсаттарды қойып жүр. Осы жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі деп «Kairat TV» толық көлемді жұмысының басталғанын атауға болады. 

Youtube пен басқа да видеохостингтердегі арналар – көптеген футбол клубтарының ең маңызды PR құрылғысы. «Kairat TV» жобасын бастау идеясы бұрыннан бері келе жатқан еді, бірақ оны биыл ғана жүзеге асыра алдық. 

Клубтық телевидениенің түсірілім тобы «Қайрат» футболшыларымен қашан да бірге болады. Біздің тілшілер оқиғаның ортьасында табылып, жанкүйерлерге халық командасының өмірі туралы қызықтарды айтып тұрады. 

Осы жылы біздің Youtube арнамызға 300-ге жуық ролик салынды. Kairat TV командасында тұрақты айдарлар мен бағдарламалар бар – «Қайрат сырт алаңда», «Академия Online», «No Comment», «Күн қызығы», «Қайрат Отбасы», «Ask Kairat» және тағы да басқалар.

Келесі жылы тағы да бірнеше жобаларды бастағалы отырмыз – сіздерді таңқалдыруды жалғастырамыз!

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст