Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Кахабер Цхададзе: «Бүгінгі нәрсенің бәрі - шектен шыққандық»

Кахабер Цхададзе, «Қайрат»:

- Футболшыларыма ешқандай сын айта алмаймын, олар жоғары деңгейлі футбол көрсетті, бірақ көп сәттерде жолымыз болмады. Кей сәттерде бүкіл елге қарсы ойнап жатқандай болдық, өкінішке қарай, бұлай мүмкін емес. Мен ешқашан төрешік бойынша сұрақтар көтермейтінмін, бірақ бүгін түсініксіз нәрсе көп болды. Айтар басқа сөзім жоқ. Бұлай мүмкін емес. осы ойыншыларды өлтіру, әдемі футбол көрсетіп жүрген команданы өлтіру, олар «Астана» секілді қазақстандық футболдың шырайы ғой.

Бір қақпаға ғана ойнауға болмады, мен өзімді ұстауға тырыстым, бірақ бүгін болған нәрсенің бәрі - шектен шыққандық. Менде басқаша пікір де жоқ. Мынадай жаттығу бар - бір қақпаға ойнау, бір команда шабуылдайды, екіншісі қорғанады. Бүгін «Ордабасы» сол қорғанатын команда болды, ал біз бір қақпаға ғана ойнадық. Өкінішке қарай, көп сәттерде жолымыз болмай қалды. Ойын мазмұны мен жылдамдығына байланысты ойыншыларға айтар сыным жоқ.

Тағы да айтайын, әділ болу керек. Біз футболды қалай дамыту керектігін ойлауымыз қажет, бірақ бұлай футбол дамымайды.

- Бірінші таймда екі жақсы айып соққысы болды. Неге бірден соққы жасамайсыздар?

- Бізде де сондай сұрақ болды. Біз бәріміз де стандарттық жағдайларда не істеу керектігін білеміз. Сол екеуінен басқа да мүмкіндіктер болды. Сол онның біреу болса да, пайдалану керек. Осыған қатысты қиындықтар болды. Екінші жағынан, олардың көрсеткен жылдамдығына айтар сын жоқ. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст