Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Кахабер Цхададзе: «Бәрі алда»

«Қайрат» командасының бас бапкері «Скендербеуге» қарсы матчтың қорытындысы жайлы ойын айтты.

- Бірінші таймда позициялық шабуыл жасай алмадық, көп қате жібердік. Ойынның екінші таймында жылдамдықты қостық, көп шабуыл жасадық, гол соғуымыз керек. Бірақ қажет емес гол жіберіп алдық. Жаңа жүйеге ыңғайласу үшін байланыс жетіспеді. Бірнеше рет сапар жасадық, бірнеше ойын болды – тың леп жетіскен жоқ, бұл байқалды. Алда жақсы дайындалуымызға бір апта бар. Жуков пен Иличевич секілді жарақаттанған футболшылар қалпына келіп үлгереді деп үміттенемін. Сырт алаңдағы ойында жеңіске жетуіміз керек.

- Ылғал алаң команданың ойынына әсер етті ме?

- Алаң жақсы болды. Тайғақ алаңның кесірінен көп қате жібердік деп айта алмаймын. Шамалы әбігерлік болды, байыппен ойнауымыз керек еді. Екінші таймда біз өте жақсы қысым жасадық, ойынның бірінші жартысында солай істеуіміз керек еді. Бұл мәселе болды, бірақ кейін оны жөндей алдық. Өкінішке қарай, кей сәттерді пайдалана алмадық, бірақ соны қонақтағы матчта жасауымыз қажет.

- Қарсылас таңқалдыра алды ма?

- Жоқ, оларды жақсы білеміз: ол қысқа паспен ойнап, жақсы комбинациялар жасай алады. Ойындарын көргенбіз, олар өзгертпепті. Бізге қысым жасап, екінші гол соғуымыз керек болатын. Қашан да солай істейтінбіз.

- Екінші матчта Георгий Жуков пен Иво Иличевичті көреміз бе?

- Үміттенемін. Өздеріңіздер көрдіңіздер, біздің қосалқы құрамымыз жас ойыншылардан тұрды. Әрине, бұл маңызды. Бірақ Иво пен Георгий жетіскен жоқ. Әрине, Жуков 90 минут бойы ойнай алады деп ойламаймын, бірақ ол ойынды күшейте алады. Бізде бұл матчқа дейін сапар мен ойын көп болды. Екінші таймда функциялық тұрғыда жақсы көріндік, қарсылас қорғаныста ойнады. Бізге тың ойыншылар керек болатын. Келесі матчта солар болады деп үміттенемін. Бұл өте маңызды.

- Оң қапталда қателер болды деп ойламайсыз ба? Бұл позицияға Исламбек Қуат немесе Шелдон Батоны қоюға болмай ма?

- Шелдон орталық қорғаушы позициясында жақсы ойнады, жаңа бір нәрсе ойлап табудың керегі жоқ. Үлкен қателік болған жоқ деп ойлаймын. Гол жіберген сәтте байланыс жетіскен жоқ. Матчтың басында оң қапталда қысым болды. Бірақ ол жақта үлкен қателік болмаған сияқты.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст