Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Кахабер Цхададзе: «Екінші таймда қарқынды күшейттік»

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері көкшетаулық «Оқжетпеске» (2:2) қарсы ойын жайлы пікірін жазды:

- Бірінші кезекте, он ойыншымен осылай жасаған футболшыларыма алғыс айту керек. Алаңда біздің командада 14-15, оларда 10 ойыншы ғана болғандай сезіндік. Бәрі керісінше болды. Жігіттер жарады, одан да көп соғуы керек еді, өкінішке қарай, Стаменкович бүгін «құстай ұшты».

- Элэктің ойынына көңіліңіз тола ма?

- Иә, өте жақсы ойнады. Біздің ойлағанымыз да сол еді, он ойыншымен қалған соң ортаңғы шепті күшейттік. Сонымен қатар, стандарттарда басымдық болды. Әрине, комбинациялар аздау, сондықтан стандарттық жағдайларға көп көңіл бөлдік. Бір жағынан, ол Исламханға қарағанда жақсы қорғана алды. Маусымды жақсы өткізеді деп ойлаймын.

- Аршавинді Жуковтың орнына негізгі құрамға шығармағаныңызға өкінген жоқсыз ба?

- Жоқ-жоқ, өкінбеймін. Шава шаршаңқырап жүрді, бұл жоспарланған қадам болатын. Бір-бірін алматыра алатын ойыншыларымыз бар. Кеше Андрейге мұның оған сенбейтінімді білдірмейтінін  айттым. Жоқ, бұл жоспарланды және ойнауға мүмкіндік беруіміз керек, бәрі де қажетті футболшылар. Жуков тамаша жұмыс істеп, маусымға жемісті дайындалды. Ол бізге әлі көмектесе алады.

- Бауыржан Исламханның жүйкесі сыр береді кейде...

- Олай емес деп ойлаймын. Кейде футболшылардың ойны жүрмей жатады, бірақ ол біздің капитан және жетекші ойынымыз. Оған толық сенеміз. Жағдайға қарап алмастырып тастадық оны. Себебі толық құрамда ойнай берсек – ештеңе өзгермес еді. Әрине, ауыстырылмайтындар көп, оның ойыны да сарапталады, қолдан келмегендерін жөндейміз. Онымен сөйлесеміз және жақын арада Исламханды жақсы жағынан көресіздер.

- Неліктен «Қайрат» он ойыншымен қалғанда ғана жақсы ойнады? Ахметов кейде ойынға ене алмай қалатын сияқты. Оны алмастыра алатын ойыншылар бар. Оған сонша сенім білдіру неге байланысты?

- Иә, келісеміз, басында ақырын ойнадық. Пасты өте баяу беретін болсақ, қарсылас өз орындарына тұрып үлгереді. Бұлай жасауға болмайды. Пас тез берілмесе, қарсыласты аша алмаймыз. Солай болды ғой. Екінші таймда қарқынымызды күшейттік, он ойыншымен қалсақ та, абайлап ойнадық.

Ахметовке келер болсақ, ол білікті футболшы деп ойлаймын. Бұған дейін өз командасында ерекше көрінетін. Былай дейін: «Қайрат» - бұл үлкен команда және кез келген ойыншы тез бейімделіп кете алмайды. Бірақ Елдос жақын арада бейімделетініне сенімдімін және онда қобалжу бар. Өз командасы мен құрамасында көшбасшы болған. Асықпайық. Бір-екі рет қолынан келмеді – демек, жақында бәрі өзгереді.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст