Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Кахабер Цхададзе: «Еурокубоктар — мүлдем басқа деңгей»

«Қайраттың» бас бапкері Кахабер Цхададзе матч алдындағы баспасөз-мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Команда мен жанкүйерлер үшін ең маңызды кезең басталып жатыр, себебі бәрі де қазақстандық командалардың еурокубокта абыройлы өнер көрсеткенін қалайды. «Қайрат» Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтуді мақсат қылып отыр, әрине, қызық әрі ауыр болмақ. Жанкүйерлерімізді қуанту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Жігіттер көп жұмыс істеп жатыр, осы маусымда Суперкубокты жеңіп, Қазақстан кубогының финалына шықтық. Бірақ еурокубоктар – мүлдем басқа деңгей. Мақсатты орындаймыз деп үміттенемін.

- Жарко Маркович өзін қалай сезініп жүр?

- Жарко әзірше ойнай алмайды. Дәрігермен сөйлескенбіз, үш аптадан соң оның жалпы топта жаттығу бастап, төрт аптадан соң ойнай алатынын айтты.

- Литвалық журналистер «Қайратты» осы кездесуде фаворит санайды. Бізге азулы қарсылас түспеген сияқты?

- Жоқ, бұлай деуге болмайды. Команда еурокубокта ойнап жатыр ғой, оған құрметпен қарауымыз қажет. Кездесіп жатқан барлық командаға солай жасауымыз керек. Шетелдік журналистер неге солай деп есептейді? «Қайратта» ойнап жатқан футболшыларды көрген соң, солай деген шығар. Бірақ мұның бәрі қағаз жүзінде ғана. Футболшыларға өз есімдерін еңбекпен табуды айтамын. Әйтсе де, оларға кәсірқой футболшы ретінде барлық ойында соны дәлелдеу қажет. Егер «Қайрат» футболшылары максимум ойынын көрсетсе, демек, келесі кезеңге өте алады деген сөз. Солай істеуге міндетті.

- Қарсыласты зерттедіңіздер ме?

- Үш ойынын көрдік. Былтырғы жылмен салыстырғанда, өзгерістер болыпты. Соңғы рет 24 маусымда ойнады, сондықтан ақпарат көп. Біздің мақсатымыз бар, оның орындауымыз керек. Соған тырысып жатырмыз.

- Исламханға қатысты жағдай туралы айтып беріңізші?

- Исламхан былтырғы жылы алған өкінішті қызыл қағазының кесірінен екі ойынды да жібереді. Ол өте мазасызданып жүр, командамен бірге болғысы келеді. Бірақ қазір бізге көмектесе алмайды, бірақ капитан ретінде моральді жағынан қолдау көрсетеді.

- Оның орнын Георгий Жуков баса ма?

- Оның орнына кім шығатынын анықтап алдық, ертең көресіздер.

- Баспасөз беттерінде Бауыржанға қатысты болып жатқан соңғы желсөздер жайында не айтасыз?

- Білесіздер ме, Исламхан – мықты футболшы. Оның қолынан көп нәрсе келеді, сондықтан спортта оған көп қызығушылық болады.

- Шелдон Батоның командағ қосылуы жайында айтыңызшы. Бұл амалсыздан жасалған трансфер ме?

- Иә, орталық қорғаушы іздеп жатқанымызды айтқанбыз. Бұл позицияға басқа амплуада ойнайтын футболшыларды қойып жүргенімізді білесіздер. Селекциялық топ осы тұрғыда жұмыс істеп, біз Шелдон Батомен алты айға келісім-шартқа отырдық. Ол маусымға қойылған мақсаттарға жетуімізге көмектеседі деп үміттенеміз.

- Олжас Абраевтың пікірінше, қазақстандық командалар еурокубоктарға мықты физикалық қалыпта келеі. «Қайрат» қазір физикалық тұрғыда өз шыңын тапты ма?

- Біздің маусымымыз Еуропадағы чемпионаттардан басқаша екенін білесіздер. Бұл, әрине, бізге көмектеседі. Бірақ бірнеше ойын өткізіп үлгердік, ойыншылар күшке дайын, бірақ соңғы екі айда біз 17 ойын өткізгенімізді ұмытпаңыздар. Бұл жақсы, бірақ бір жағынан шаршатады. Футболшылардың жағдайы жақсы, тамаша футбол көрсетіп жүр. Бірақ мен футболшыларға қарсыласты бағаламау деген болмасын, қарсыласқа құрметпен қарау керек деп айтып жүремін. Бірақ, бірінші кезекте, олар өздерін, «Қайратты» құрметтеуі керек. Командалардың мақсаттары әр түрлі. Олар көрсетіп жүрген ойынды жоғалтпауымыз қажет. Соңғы уақытта ойыншылардың төзімділік танытып жүргеніне ризамыз, кез келген нәтижене абыржып қалмайды. Біз нұқсау берген сәттерде де тамаша орындап, оны ойынға қосалы. Егер олар солай жалғастыра берсе, әрине, қашан да жақсы нәтиже болады.

- Жас ойыншы Ян Вороговскийдің ойыны жайлы пікіріңізді айтыңызшы. Тимур Рудосельскийдің жағдайы қалай? Ол қосалқы құрамда қалып жүр.

- Янға келер болсақ, ол өз ойынына өте көп қосты, бірақ бір жағынан жетіспей тұрған жерлері бар. Тоқтамай, жұмыс істей беру қажет оған. Біз солай нұсқау береміз, ал ол мұның бәрін дұрыс қабылдайды.

Рудосельскийге жұмыс істе керек, басқа футболшылармен бәсекелес болуы қажет. Кімнің ойнайтынын, кімнің ойнамайтынын мен шешемін, егер ол қажетті деңгейде өнер көрсетсе, алаңға шығарамын.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст