Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Кахабер Цхададзе: «Келесіде 45 емес, 90 минут бойы жақсы ойнаймыз»

- Бірінші кезекте, жанкүйерлердің алдында бірінші тайм үшін кешірім сұрайды, өте жаман ойнадық. Кінәні өз мойныма аламын, бұлай ойнауға болмайды. Өздеріңіз көрдіңіздер, ойынымыз жүрген жоқ. Бірінші таймдағы сәтсіздіктен кейін екінші таймда жақсырақ ойнадық, бірақ, өкінішке қарай, гол соға алмадық. Футболшыларымыз жеткілікті, келесі ойында кім дайын болса, сол шығады. Біз үшін ең маңыздысы – бұл нәтиже. Қатарынан екінші ойын бойы өз алаңымызда тең түсіп отырмыз. Нәтиже шығарып, келесіде 45 минут емес, 90 минут жақсы ойнаймыз.

- Аненені ертерек шығару керек пе еді?

- Келісемін. Бірақ ойын ұзақ бойы үзіліссіз өтті, сөйтіп, ол кешірек шықты. Біз тәуекел жасап, артқы жартылай қорғаушыны алып тастадық. Лимиттің кесірінен қапталдағы Ермек Қуантаевты ала алмадық, сондықтан Акошты ауыстыруға тура келді.

- Командаға әлі де ойыншы келе ме?

- Жоқ, команда толық жасақталды деп ойлаймын. Жазға дейін өзгеріс болмайды. Бізге тек өз ойынымызды көрсету керек. Әрине, нәтиже үшін бас бапкер жауап береді.

Футболшыларға келер болсақ, олар қатарынан үш ойын бойы тең түсіп, қобалжып ойнады. Иә, бізде қиындықтар бар және оны шешу қажет. «Таразға» қарсы матчта 27 соққы жасадық. Жолымыз болмай қалды. Ешкімді кінәлап жатқанымыз жоқ, керісінше, бар кінәні өз мойныма аламын. Нәтижеге мен жауаптымын.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст