Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Кахабер Цхададзе: «Команда өте жақсы ойнады»

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Кахабер Цхададзе Қазақстан Суперкубогындағы «Астанаға» қарсы (2:0) матч жайлы пікірін айтты.

- Команданы жақсы ойынмен және Суперкубоктағы жеңіспен құттықтаймын. Жанкүйерлерімізге үлкен алғыс айтамын, бүгін күн салқын болды. Жанкүйерлерге айтарым: «Сіздер үздіксіздер!», оларға алғысым шексіз. Ауа-райына қарамастан, осында келіп, бізге қоладу көрсетті. Олардың көңілін жарға жықпай, жақсы, әдемі футбол көрсете алғанымызға өте қуаныштымын – нәтиже қуантады. «Қайрат» пен «Астананың» жоғары деңгейлі командалар екеніне ешкім күмән келтірмейді. Бірінші минуттарда басымдық «Астанада» болды, біз допқа иелік ете алған жоқпыз, сәл қобалжу болған, кейін тынышталдық. Екінші таймда допты бақылауда ұстап, көптеген мүмкіндіктер жасадық, Құдайға шүкір, гол соқтық. Матчтың соңына таман «Астана» шабуылдады. Соңғы минуттарда Плотников бізді құтқарып қалғаны жақсы болды. Ойынды толық қарар болсақ, «Қайрат» бүгін әділетті жеңді деп ойлаймын.

- Ойынның алғашқы 15 минутында «Астана» басымдық танытты дедіңіз, екінші таймда «Қайраттың» тактикасы өзгерді ме?

- Ештеңе өзгерген жоқ, өз футболымызды ойнауды жалғастыра береміз. Оларға «Біз жиында жаттыққан футболды ойнауымыз керек» деп айттым. Иә, 15 минут бойы допты бақылай алмадық, алайда қорғаныста сауатты ойнадық. «Астананың» бар күш-қуатына қарамастан, оларға мүмкіндік жасауға жол берген жоқпыз. Жалпы, команда тамаша ойнады деп ойлаймын.

- Төрешілермен жиі дауластыңыз. Сіздің пікіріңізше, олар біреуге көмектесті ме?

- Жоқ, әрине. Төрешілердің өз басшылары бар, олар ойынға сараптама жасайды. Меніңше, екі рет пенальти қоюға болатын еді. Мен оны эмоцияда тұрып айттым, бірақ кездесуден кейін олардан кешірім сұрадым.

- Командадағы жаңа ойыншылардың ойыны қалай?

- Елдос нұсқауды дұрыс орындады. Қандай футболшы болса да, алғашқы ойында толқыныс болатынын білетін шығарсыз. Құдайға шүкір, ол толқынысын басып, өзін жақсы қырынан көрсетті. Ивоның деңгейі өте жоғары, бірақ оны функциялық жағынан жақсартуымыз керек. Біз өте мықты ойыншыны қатарымызға қостық, ол алаңға шыққанда команданы күшейте алды деп ойлаймын. Шава тамаша ойнаған, Иво оның орнын жоқтатқан жоқ. Жуков аз ойнаса да, оған қатты үміт артамыз. Ол да өте жақсы дайындалды, міндетті түрде негізгі құрамда ойнайды. Ол құрамаға да шақырту алады деп ойлаймын.

- Аршавин мен Иличевич арасында бәсекелестік бола ма? Әлде бірге ойнай ала ма?

- Әрине, бірге ойнай алады. Былтырғы Кубоктың финалын есіңізге түсіріңізші, қосалқы құрамда тек жас ойыншылар ғана болды. Құдайға шүкір, бізде енді бәсекелестік бар, Аршавин, Жуков, Иличевич және Исаэль секілді ойыншылар бар. Бұлар әр ойынға дайын болуы тиіс футболшылар. Күнтізбенің өте ауыр екенін білесіздер. «Қайратқа» чемпионатта босаңсуға болмайды, шілденің аяғында Еуропа лигасының алғашқы іріктеу ойыны күтіп тұр. Бізге барлық футболшы керек, әрине, олар өзара бәсекелеседі. Бәсекелестік – өте жақсы, ол ойыншылардың босаңсуына жол бермейді. Тағы бір-екі ойыншы қосу керек деп ойлаймын.

-  Былтырғы жылы Суперкубокты «Қайрат» жеңіп алған, алайда чемпионатта жеңіліп қалды. Биыл бұл қайталанбай ма?

- Қайталанбайды деп үміттенемін (күліп). Маусым ауыр болады, «Астана» ғана мықты емес. «Ақтөбенің» құрамы 99 пайызға өзгерді, оның үстіне, «Астананың» жарты құрамы «Ақтөбеге» ауысып кетті. Чемпионат өте ауыр болады. Солай болғаны жақсы. Жаңа формат алтылықсыз ойнауға мүмкіндік береді, чемпионат тең болады. Кім тұрақты ойнаса, сол ұтады.

- Екі позицияға кімді алғыңыз келеді?

- Шабуылшы мен бір хавбэкті.

- Қорғаушы ше?

- Әзірше қорғаушы керек емес.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст