Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Кахабер Цхададзе: «Маусым өте қызықты әрі тартысты болады»

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Кахабер Цхададзе Қазақстан Премьер-лигасының бірінші турындағы «Ақтөбеге» (1:0) қарсы ойын жайлы пікірін айтты:

- Бірінші кезекте, баршаңызды маусымның басталуымен құттықтаймын. Бірінші турдың қалай өткенін көрдіңіздер. Маусым өте қызықты әрі тартысты өтеді деп ойлаймын. Ойынның өзіне келер болсақ, әрине, үш күн бұрын өткен мұндай матчтан кейін ойыншылар барлық эмоциясын шығарып алды – осындай психологиялық сәттер болып тұрады. Басқасынан, жақсы комбинациялар ұйымдастырдық, мүмкіндіктер болды және Сидельниковті ерекше атап кеткен жөн. Ол өте тамаша ойнады, командасын бірнеше рет құтқарды.

Екінші таймда жылдамдықты арттырдық – «Ақтөбе» үлгермей, гол жіберіп алды. Артынша есепке қарай ойнадық, «Қайраттан» көп шабуылдар мен гол күтетінін түсінемін, алайда кейде үш ұпай алу үшін ақылмен ойнау қажет болып жатады. Жігіттердің қолдарынан келді, сол үшін оларға алғыс айтамын. Енді тезірек қайта қалпымызға келуді ойлау қажет. Күнтізбе тығыз орналасқан, әр төртінші күн сайын ойын. Құрамды жиі өзгерту керек, Құдайға шүкір, ауыстыра алатын футболшыларымыз бар. Енді ойланып, алға қарай жылжимыз, маусым жаңа басталды. Жігіттерге айттым: «Нәтижеге қол жеткізу үшін алдағы тоғыз ай бойы қалған нәрсенің бәрін кейінге ысырыңдар».

- Ойбек Балтабаевтың ойыны туралы не айта аласыз?

- Бірінші кезекте, оны дебютімен құттықтайық. Бұл оның алғашқы матчы. Балтабаевты өзімізбен бірге жиындарға алып берді. Ол жалға беріліп, қайта оралған болатын. Бізге бірден ұнап қалды. Жолдастық ойындарда тамаша өнер көрсетті. Миша Бакаев болмағанда «Крылья Советовқа» қарсы 90 минут бойы ойнады. Негізгі құрамның ойыншысы деп айта аламын, оны қайтарып, дайындап шыққанымызға қуаныштымын. Дұрыс істедік. Қуат бүгінгі ойынды жіберіп алды, тәртіп бойынша мұндайдың бар екенін білген де жоқпын. Кеше ғана Суперкубок матчының кесірінен чемпионаттың ойынына қатыса алмайтынын білдік (күліп). Бірақ, ереженің аты ереже, бұзуға болмайды. Бұл позицияда Жуков та ойнай алады, бірақ мен оны басқа позицияда көремін. Міндетті түрде ойнайтын болды. Сондықтан, Балтабаевтың қолынан келді.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст