Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Карлос Алос: «Қайрат» ойыншылары чемпион екенін көрсетті»

«Қайраттың» бас бапкері «Ақтөбеге» қарсы матчтың нәтижесі туралы пікірін айтты.

 

- Біріншіден, өз ойыншыларыма жасалған жұмысы үшін, әдеттегідей, алғыс айтамын. Сонымен қатар, бізге әрдайым қолдау көрсетіп жүретін жанкүйерлерге де алғысым шексіз. Бүгін біз өз ойынымыздан басқа, Астанада өткен матчты да бақылап отырдық. Себебі нәтиже тек біздің ойынымызға ғана байланысты емес еді. Сондықта, сол матчты да бақыладық.

 

Біз ойынды ала-құла бастадық. Бұл турнир кестесінегі жағдайға байланысты деп ойлаймын. Біртіндеп ойын тізгінін өз қолымызға ала бастадық: бізде гол соғатын 2-3 жақсы мүмкіндіктеріміз болды, бірақ оларды пайдалана алмадық. Екінші таймда екінші голымызды соғып, 2:0 есебімен ұтып жатқаннан кейін, ойын қарқыны саябырсыды.

 

Екінші ойында не болып жатқанын түсіндік, бірақ барымызды салдық, тырыстық, үміттендік. Екінші тайм бізге ұзаққа созылғандай көрінді, себебі Астанадан бізге жағымсыз ақпараттарды естідік. Жалпы, бүгінгі жеңіске ризамыз – бұл тағы бір жеңіс. Біздің ойыншыларымыз чемпион екендерін көрсетті. Біз үшінші айналымды тек бір тең ойын, қалғанының бәрін жеңіспен аяқтадық, осы үшін де команданы құттықтауға болады.

 

Бұл команда Суперкубокты, Қазақстан Кубогын ұтып алды және чемпионнан бір ұпай ғана артта қалды. Бір ұпайға қалып қойған қиын, бірақ көнбестен басқа амалың жоқ. Шынымды айтсам, бүгінгі жеңіс – менің мансабымдағы ең көңілсіз жеңіс.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст