Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Карлос Алос: «Екінші таймда «Астанаға» қиын боларын білдік»

«Қайраттың» бас бапкері «Астананы» сенімді жеңген соң, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 

- Бірінші кезекте, өз футболшыларыма алғыс білдірігім келеді. Бұл жеңіс «Қайрат» жанкүйерлеріне және осында келіп, бізге қолдау көрсеткен, сенім артқан жанкүйерлерге арналады. Енді матчқа келер болсақ, екінші таймда оларға көбірек қауіп тудыратынымызды іштей білдік. «Астана» бірнеше күннің ішінде көп ойын өткізгенінен хабардармыз. Сондықтан, екінші таймда «Астанаға» қиын болатынын түсіндік. Сондай-ақ, екінші таймда Чуманы шығарсақ, ол «Астана» қорғанысына біраз қиындық тудыратынына сенімді болдық.

Бірінші таймда біз ойынды бақылауда ұстадық және екі командада да гол соғатын айтарлықтай мүмкіндік болмады, көп күш жібердік. Жігіттердің бәріне көңілім толады. Сондай-ақ, жас ойыншыларымыз негізгі құраммен ойнап, үлкен тәжірибе жинап жүргенін ерекше атап өткен жөн. Соңғы үш ай бойы біз жемісті жұмыс істеп жатырмыз. Жеңіске жетіп жүрміз, бұл біздің деңгейімізді, қалай жұмыс істеп жатқанымызды көрсетеді. Енді соңғы турды күтемізы. Біз әзірге өз жұмысымызды орындадық., енді нәтижесін күтеміз.

 

- Осы жеңістен соң «Қайрат» чемпиондыққа таласады деуге бола ма?

- Шынына келгенде, чемпиондықтың тағдыры біздің қолымызда емес. Егер бәрі саған байланысты болмаса – сенің қолыңнан келері жеңіске жету және күту. Бәрі біздің қолымызда емес екенін түсінеміз.

- Алғашқы таймда ойыншыңыз жарақат алып, лезде алмастыруыңыз ойынды өзгертті ме?

- Чуманы бірінші таймда шығаруға әлі ерте екенін білдік. Сондықтан, ойын жүйесін өзгертпес үшін дәл осы позицияда ойнайтын Айбол Әбікенді алаңға шығаруды жөн көрдік. Айбол Әбікенге мақтау сөзімді арнағым келеді. Ол ойынға тыңнан қосылып, тамаша матч өткізді.

 

- Не үшін Бауыржан Тұрысбекті емес, Чума Аненені шығардыңыз?

- Себебі мен бапкермін. Себебі Чума бос аймақта жақсы ашылады, жылдам жүгіреді. Бұл ойыншы алдыңғы шепте бізге күш береді. Ал Тұрысбектің ойын мәнері сәл басқаша. Ол алаңда кеңістік болмаса да жоғары деңгейде ойнай алады. Бірақ біз бой аймақтың болатынын біліп, Чуманы шығардық. Чума жақсы өсіп келеді, гол соғып жүр, оған көңіліміз толады.

 

- «Қайратты» маусым басынан жаттықтырсаңыз, команданы чемпион етер едім деп ойлайсыз ба?

- Жоқ, бұлай айта алмаймын. Ол кезде не боларын – біз ешқашан білмейміз. Қазір бұл туралы айту оңай, бірақ дәл қазіргі уақытта біз чемпиондыққа таласты жалғастырып жатырмыз. Сөзімнің соңында, футболда бапкерлер емес, ойыншылардың маңызды екенін айтқым келеді.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст