Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Карлос Алос Феррер: «Бұл жеңіс біз үшін өте маңызды»

«Қайраттың» бас бапкері «Тобылға» қарсы матчтың нәтижесі туралы өз пікірімен бөлісті.

 

- Бұған дейін айтқанымдай, өз футболшыларыма жанын салып ойнағаны үшін алғыс білдіргім келеді. Бүгін ең үздік ойынымызды көрсете алмадық, жағдай оңай емес, себебі соңғы аптада біз үш матч ойнадық. Соңғы екі матчта 10 гол соқтық және барлық қысым бүгінгі матчқа түсті. Ойынның қиын боларын білдік, «Тобыл» «Ордабасыдан» басқаша. Бұл қорғанысқа өте төмен орналасатын команда, алаңның ортасында ойыншылар көп болады. Бір-біріне тығыз ойнайды, бізге алдыңғы шепте гол соғу мүмкіндігін іздеу қиын болды.

Екінші таймда «Тобылда» гол соғатын жақсы мүмкіндіктер болды, бірақ олар пайдалана алмады. Бұл жеңіс біз үшін маңызды, бұл үш ұпай, футбол жеңістерден құралады ғой.

 

- «Қайратқа» енді келіп жатқанда, 8 матчтан тұратын жеңістер сериясын жасаймын деп ойладыңыз ба?

 

- Жоқ (күліп). Шынымды айтсам, ондайды күтпедік, себебі кез келген чемпионатта, кез келген елде – қатарынан 8 матчта жеңіске жету қиын. Иә, біз матчтан матчқа жмыс істедік, әр қайсысына дайындалдық. Егер екі ай бұрын менен осылай сұрасаңыз, мен осылай жауап берер едім.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст