Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Карлос Алос Феррер: «Екінші гол соққан соң, ойынды бақылауда ұстадық»

«Қайрат» командасының бас бапкері матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатында «Ордабасыға» қарсы матч жайлы ойын айтты:

- Өз командамды жеңіспен құттықтаймын. Бірнеше ай бұрын біз «Ордабасыдан» бар болғаны үш ұпайға озып тұр едік, ал қазір арамызда 16 ұпай бар. Менің айтқым келгені, ойыншыларға және бапкерлік штабқа рахмет, бұл олардың жемісі. Біз есепте алға шықтық, ал екінші таймда «Ордабасы» өз голын соқты. Біз қорғаныста ойнадық, бірақ екінші голдан кейін ойынды бақылауда ұстадық деп ойлаймын. Гол соғатын мүмкіндігіміз де көп болды. Магомедті алғашқы голымен құттықтаймын. Ойынға қосалқы құрамнан қосылатын футболшылар командаға көп көмектеседі, ойынға жаңа күш салады.

- Команданың жіберген соңғы екі голы ұқсас. Бұл неге байланысты?

- Бірінші кезекте, себебі қарсылас өз стандарттарын жақсы пайдаланады (күліп). Иә, біз қазір бұл туралы ойластырып жатырмыз: соңғы екі ойында бір-біріне ұқсас екі гол жібердік, осы бойынша жұмыс істеп, қатені жөндеуге тырысамыз.

 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст