Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Карлос Алос: «Келесі аптада тағы бір жеңіске аттанамыз»

«Қайрат» командасының бас бапкері «Ақжайыққа» (2:1) қарсы матчтың нәтижесі туралы ойын айтты.

 

- Әдеттегідей, өз командамды кезекті үш ұпайымен құттықтаймын. Бүгін біз үшін ауыр ойын болды, ойынға еніп кетуіміз үшін, қарқынды сезіну үшін көп уақыт қажет болды. Бұл мен тағайындалғалы біздің ең жақсы ойынымыз емес екені анық. Бірақ бұл футбол, біз ойлағандай ойнай бере алмаймыз. Ойын жүрмей жатқан кезде, жеңіске жету команда туралы көп нәрсені айтады деп есептеймін.

 

Матчқа келер болсақ, біз пенальтиден гол соқтық, кейін гол жіберіп қойдық. Таразы басы теңесті және біз сәл ойынды жоғалтып алдық, ойыннан шығып қалдық деуге болады. Екінші таймда ойынымызды өзгерттік, құрамда бірқатар өзгерістер жасадық: екі шабуылшымен ойнау үшін орталық жартылай қорғаушыны алып тастадық. Бізге бүгін тең есеп қажет емес болды. Кейін гол соққан соң қалған уақытта көп жұмыс істеуге тура келді.

 

Қазір чемпионаттың ақтық мәресі өтіп жатыр. Өз құрамында ойнаған ойыншылар бар, ойын уақыты өте көп, мұның бәрі ауыр болып тиеді. Бірақ біз жалғастырамыз. Бүгін бір жеңіс болды, келесі аптада тағы бір жеңіске аттанамыз.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст