Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Карлос Алос: «Матчқа ерекше жігермен дайындалып жатырмыз»

«Қайраттың» бас бапкері Қазақстан кубогының финалына арналған матч алдындағы баспасөз-мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді:

 

- Команданың көңіл-күйі қалай? Функциялық дайындық жақсы ма?

- Барлық финалдық ойындар ерекше. Қос команда да жеңіске жетуге деген мүмкіндік бірдей. Чемпионатта болып жатқанның бәрі де финалға әсер етпейді. Біз бұл матчқа ерекше жігермен дайындалып жатырмыз. Себебі, былтыр Кубокты жеңіп ала алмадық. Осы жолы жанкүйерлерімізді қуантуға тырысамыз. Бізде жақсы динамика қалыптасты, 8 матчта жеңіске жетіп, бір рет тең ойнадық. Сондай-ақ, «Атырау» соңғы екі матчта жеңіске жеткенін білеміз. Бұл «Атырау» үшін ерекше матч болатынын да түсінеміз, әрине, олар да жеңіске жетуге тырысады. Кез келген клуб үшін Кубокты жеңіп алу мәртебе саналады.

 

- «Атырау» «Қайрат» үшін қолайсыз қарсылас саналады. Биыл команда олармен өткен матчтарда ұпай жоғалтты. Бұл командадағы футболшыларыңызға психологиялық тұрғыда қысым бола ма?

- «Атырау» біз үшін ауыр қарсылас. Биыл біз «Атыраумен» үш матч өткіздік. Алғашқысында ұтылып қалдық, екіншісінде тең түстік, бірақ үшінші кездесуде осы психиологиялық тосқауылды бұзып, солардың алаңында жеңіске жеттік. Біздің футболшылар дайын, психологиялық қысым болмайды деп ойлаймын.

 

- Ақтөбенің стадионы қалай екен? Сіз мұнда «Қайраттың» бас бапкері ретінде келгенсіз. Алдағы матчтың атмосферасы қалай?

- Мен бұл стадионда «Қайраттың» бас бапкері ретінде дебютімді өткіздім. Жақсы естеліктер қалды, себебі біз «Ақтөбеден» басым түскен едік. Жеке өзіме келер болсақ, маған бұл стадионның алаңы ұнайды, себебі жанкүйерлер алаңға жақын отырады. Ақтөбе – нағыз футбол қаласы, жанкүйерлері де мықты.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст