Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Карлос Алос: «Өз ойыншыларымды құттықтаймын»

«Қайрат» ФК бас бапкері Қазақстан Кубогы финалдық матчының нәтижесі туралы өз пікірімен бөлісті:

 

- Өз ойыншыларымды және «Атырау» командасын құттықтағым келеді, олар финалға дейін ұзақ жолды артта қалдырды. Ойын туралы көп нәрсе айта алмаймын, допты бақылауда ұстадық, бірінші нөмірмен ойнадық. «Атырау» қарымта шабуылдарға иек артты, ал Гоудың голынан кейін олар кеңірек ойнай бастады. Екінші гол соғатын да мүмкіндіктеріміз болған, бірақ біз оларды пайдалана алған жоқпыз.

 

- Соколенконың алаңға шығуы ойын тағдырын өзгертті деп айтуға бола ма?

- Солай деуге де болады. Соколенко – мықты, жас ойыншы, біз оны шабуылға дем беру үшін шығардық.

 

- Шабуылда жылдамдық жетіспеді, бұл алаңның кесірінен бе?

- «Атырау» жақсы ойнады. Бүгін біз ойынымызды басқаша құрдық, себебі Қуат болған жоқ. Сондықтан, орта шепке ойыншы толтырдық. Электі төменірек орналастырдық. Исламхан мен Аршавин шабуылшының астында өнер көрсетті. «Атырау» жартылай қорғаушыларын төмен түсірді, мұндай ойыннан соң олар біздің қақпаға көп жақындай алмады.

 

- Исаэль неге төменірек ойнады?

- Оған берілген нұсқау сондай болды, алаңның ортасында ойыншыны көбейту үшін оның позициясын өзгерттік. Исаэль көп жағдайда бос қалып, командаға көмектесе алды. Ол нұсқауды орындап, бүгін жемісті жұмас істеді.

 

Фото: «Атырау» ФК

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст