Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

ҚКФЛ мүшелерінің Ортақ жиналысы өтті

Астанада Қазакстан  кәсіпқой футбол лигасы мүшелерінің кезекті Ортақ жиналысы өтті.

Отырыс барысында келесі шешімдер қабылданды:

 - «Байқоңыр» және «Бәйтерек» футбол клубтары ҚКФЛ-дан шығарылды. Осы шешім «Байқоңырдың» «Қайсар» құрылымына кіруіне және «Бәйтеректің» Бірінше не Екінші лигаларға жаңа маусымда қатысатыны туралы білдірмегеніне байланысты себептермен қабылданды.

- Балалар және жасөспірімдер футболын дамыту мақсатымен УЕФА берген қаржыны футбол клубтары арасында бөліну тәртібі қабылданды.

- Мачтың ресми тұлғалардың (төрешілер, инспекторлар) шығындарын төлеу үшін орталықтандырылған жүйе қабылданды.

- 2017 жылы ҚКФЛ өткізетін жарыстардың регламенттеріне өзгерістер еңгізіліп, Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы Комитетіне тапсырылды. Қазақстан футболының түлектері емес 9-шы және 10-шы ойыншыларды командалар құрамына мәлімдеу үшін өз еркімен сыйақы төлеу туралы ҚФФ ұсынысы мақұлданды. Бірақ алаңдағы Қазақстан футболының түлектері емес саны өзгерілмейді.

- 2017 жылы ҚКФЛ өткізетін жарыстардың күнтізбесі талқыланып, ҚФФ Атқарушы Комитетіне бекіту үшін тапсырылды.

- «ҚКФЛ Техникалық регламенті» қабылданды. Оған трансляцияларды шығару және чемпионат матчтарын түсіру талаптары еңгізіп жазылды.

- 2017 жылғы Чемпионат және Кубоктық ойындарының телевизиялық трансляциялардың құқықтарын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасына беру туралы келісім-шартқа отыру шешімі мақұлданды. Жаңа келісім бойынша «Қазақстан» республикалық корпорациясы чемпионаттағы әр турының кем дегенде екі мачтын және Қазақстан Кубогының әр кезеңдегі ең кемі бір ойынын көрсетуді міндеттенеді. Жалпы болашақ маусымда аталған корпорация 70-тен кем емес ойын көрсетпек.

- Ақтөбе қаласының Орталық стадионында 2017 жылғы Қазақстан Кубогының финалы өтеді. Егер жарыс күнтізбесіне өзгерістер еңгізілсе, немесе финалдық ойын қарашаның екінші бөліміне қалдырылса, әлде «Ақтөбе» футбол клубының осы ойынды аталған мерзімде өткізу мүмкіндігі болмаса, ҚКФЛ әкімшілігі шешуші матчының орнын өз еркімен тағайындайды. 

PFLK.kz

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст