Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Өкінішті тең есеп

«Қайрат» (Алматы) – «Оқжетпес» (Көкшетау) – 2:2

Голдар: Маркович (34), Аршавин (83) – Козлов (19), Волков пенальтиден (90+4)

«Қайраттың» негізгі құрамы: Владимир Плотников (В), Ғафуржан Сүйімбаев, Жарко Маркович, Сесар Арзо, Елдос Ахметов, Михаил Бакаев, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К) (Элэк, 60), Исаэль (Иличевич, 84), Гоу;

Қосалқы құрам: Стас Покатилов (В), Ян Вороговский, Ермек Қуантаев, Бауыржан Тұрысбек, Ойбек Балтабаев, Иво Иличевич, Мадияр Райымбек, Акош Элэк, Андрей Аршавин.

«Оқжетпестің» негізгі құрамы: Саша Стаменкович (В), Даниил Чертов, Александр Марочкин, Виталий Волков, Нұрлан Дайыров, Джозеф Филс Нейн, Тимур Досмағамбетов (Юрин, 74), Лукаш Марио Хорват, Александр Козлов (Цветан Генков, 78), Сергей Политыло, Максим Федин;

Қосалқы құрам: Руслан Абжанов (В), Демият Сламбеков, Цветан Генков, Антон Куксин, Игорь Юрин, Еркебұлан Нұрғалиев, Берік Шаихов, Әлібек Аяғанов, Сұлтан Әбілғазы.

Ескертулер: Ахметов (45), (53), Исламхан (56), Маркович (90+1), Суюмбаев (90+4), – Чертов (35), Козлов (58), Волков (81)

Алаңнан қуылды: Ахметов (53)

Қазақстан чемпионатының екінші турында алматылық «Қайрат» көкшетаулық «Оқжетпеспен» күш сынасты. «Орталық» стадиондағы кездесу қызық болатыны анық еді, себебі командалар былтырғы маусымда 17 гол соқты, оның 15-і алматылықтардың еншісінде.

Матч өте ақырын басталды: тек 12-минутта ғана Ахметов қапталдан қақпаға соққы жасады, бірақ доп биік кетті. Келесі шабуылда көкшетаулықтар матчтағы алғашқы мүмкіндігін пайдалана алды – Александр Козлов қонақтарды алға шығарды – 1:0.

«Оқжетпес» қақпасына да гол көп күттірген жоқ. 34-минутта Жарко Маркович Исаэльдің асырған пасын басымен қақпада тулатты – 1:1. Кездесудің аяғына таман командалар белсенділік таныта бастады, алдымен Маркович қонақтардың айып алаңға асырған добын алысқа шығарып жіберсе, 42-минутта Исаэль қарымша шабуыл ұйымдастырды. Бразилиялық футболшы допты Гоуға бергісі келген, бірақ оны жауып тастады.

Бірінші таймның соңғы минутында Қуат жойқын соққы жасаған, алайда Стаменкович допты кері қайтарып, қонақтар қарымта шабуыл жасады. Командалар үзіліске тең есеппен кетті – 1:1.

Ойынның екінші жартысында Аршавин Жуковтың орнына шықты. Екінші таймның басынан-ақ ойын жылдам жүрді, Аршавин гол соғуға жақын болған, бірақ қонақтардың қақпашысы командасын құтқарып қалды.

53-минутта Ахметов екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды – біз он ойыншымен қалдық. Келесі мүмкіндікте Исламхан да сары қағаз алды, сондықтан Цхададзе команда капитанын ауыстыруға мәжбүр болды. 60-минутта Элэк Бауыржанның орнына шығып, дебютін өткізді.

70-минуттан кейін «Қайрат» сапында ойыншы қуылса да, алматылықтар алға ұмтылды – Исаэльдің бұрыштан әуелеткен пасынан кейін доп «Оқжетпестің» айып алаңына ұшып, маңдайшаға тиді. Бірақ гол болған жоқ.

78-минутта көкшетаулықтар сапында гол соққан Козлов өз орнын Генковқа босатты. Негізгі уақыттың аяқталуына 7 минут қалғанда Арашвин «Қайратты» алға шығарды – 2:1, сары-қара түстілер он ойыншымен-ақ есепте алға шықты.

Қосымша уақытта Плотников қақпасына пенальти белгіленіп, оны Волков сәтті пайдалана алды.

Осылайша, Маркович пен Аршавин соққан голдардың арқасында «Қайрат» кездесу тағдырын өзгерте алған, алайда қонақтар пенальтиден таразы басын теңестіріп кетті – 2:2.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст