Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Лейпцигтік тренинг

«Қайрат» ФК Академиясында тренингтердің екінші модулі өтіп жатыр.

 

Тимур Сегізбаев Академиясында Лейпциг қаласындағы Халықаралық университеті өткізетін спорт тренингінің екінші модулі басталды. Неміс мамандары «Қайрат» футбол клубының бапкерлік құрамы алдында сөз сөйлеп, спорттық педагогика секілді тақырыптарды қозғады. Оның ішінде бапкер мен спортшылар арасындағы инструктаж және өзара қатынас кіреді. Бұл тақырыптың спикері ретінде Лейпциг университеті Спорттық ғылым факультетінде педагогика кафедрасының оқытушысы Даниела Шуппенер айтты.

 

Сондай-ақ, Германия футбол федерациясының аймақтық бапкері Мартин Хаммель бапкерлік құрамға теория және практика арқылы заманауи футболдағы жаттығу жұмысының үлгілеу туралы сөз қозғады. Неміс маманы спортшының физикалық дайындығы мен координациялық қабілетін дамыту секілді тақырыптарды көтерді.

 

Бұдан бөлек алда «Қайрат» ФК мен Лейпциг қаласының халықаралық университеті арасында семинардың 4 модулі бар.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст