Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Магомед Парагульгов: «Негізгі командада ойнау қашан да тамаша сезім»

«Қайраттың» жас жартылай қорғаушысы Магомед Парагульков өткен маусымда негізгі командада өз орнын нығайтып алған ойыншылардың бірі болды. Клуб баспасөз-қызметіне берген сұхбатында Магомед маусым қорытындысы туралы айтып, өз әсерімен бөлісті.

- Маусым жақсы әрі қызық болды деп есептеймін. Әрине, жетіспей тұрған тұстар бар, бірақ бұл әлі де жұмыс істеу керегін білдіреді.

 

- Осы маусымда сен бірден екі командада ойнадың – «Қайрат А-дан» бірінші командаға ауыстың. Әсерің қандай?

- Жеке өзімнің әсеріме келер болсақ, «Қайрат А» сапында өзімді тамаша сезіндім және керемет уақыт өткіздім. Бұл командада өзімнің жақсы қырымды көрсете білдім, ал негізгі командада ойнау – қашан да жақсы, мұнда сен жақсы тәжірибе жинайсың. Күн сайын өзімнің деңгейімді көтере беремін деп үміттенемін.

 

- Сен негізгі командадан орын ала алған жас ойыншылардың бірі атандың. Құпияң қандай?

- Шынымды айтсам, ешқандай құпия жоқ. Жәй ғана өзіммен жұмыс істегенді жақсы көремін және бапкер маған алаңға шығуға мүмкіндік берген бар күшімді салып, өз сәттерімді пайдалануға тырысамын.

 

- Алда маусым аралық үзіліс пен чемпионат бар. Алдыңа қандай мақсаттар қойдың?

- Менің мақсатым – маусымаралық үзілісте өз қалпымды тауып, өзімді жақсы қырымнан көрсету және чемпионатты жеңіспен бастап, чемпиондықпен аяқтау.

 

- Жанкүйерлерге не айта аласың? Әр матчтан соң олар сенің ойыныңа ерекше баға береді.

- Барша жанкүйерлерге рахмет айтамын. Оларға деген алғысым шексіз, бізге қолдау көрсетіп келеді. Ал біз олардың қолдауларын шын мәнінде сезінеміз. Жанкүйерлерімізге барлық жақсылық пен өмірлерінде сәттілік тілеймін.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст